Атырау, 20 сәуір 16:58
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Виолончельдер мен соқпа аспапты рок-н-ролл

2 134 просмотра

8 наурызда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде американдық Break of Reality виоленчельді рок тобы тегін концерт қояды. Іс-шара АҚШ елшілігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Бұл - тарихтағы үш виолончельші мен соқпа аспабынан құралған жалғыз рок тобы. Астанадағы американдық елшіліктің қоғаммен байланыс бөлімі хабарлағандай, топ 2003 жылы Нью-Йорк штаты Рочестер қаласындағы беделді Easton музыкалық мектебінде құрылған. Мектепті аяқтағаннан кейін ұжым Штаттарды аралап, мәдени орталықтарда, колледждерде, рок-клубтарда, музыкалық фестивальдарда өнер көрсетті.

Break of Reality музыкалық білім алуды насихаттайды. Топ ел ішіндегі мемлекеттік мектептерде көп концерт қояды. Сонымен қатар, олар музыка саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдайды және болашағынан үміті бар классикалық музыканттардың практикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған бірқатар дәрістер әзірлеген.

Астанадағы американдық консулдық хабарлағандай, АҚШ елшілігі Қазақстанда Break of Reality тобы концерттерін екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынас аясында өткізбек.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

26 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.