Атырау, 29 наурыз 14:45
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Көне Сарайшық көшірмесі!

6 411 просмотра

«Ортағасырлық Сарайшық» - жаңадан жүзеге асырылғалы жатқан жоба осылай аталады. Бұл жобада ХІІІ ғасырда негізі қаланған Сарайджук қаласында археологиялық қазбалар жасап, қайта қалпына келтіру емес, жанынан оның «көшірмесін» жасау қарастырылатын болады.

Айта кетсек, «АЖ» тілшілері бұл идеяны өздерінің бір мақалаларында 2013 жылы Астрахан облысы Селитренное ауылы аумағында орналасқан көне Сарай Бату қаласының жасанды макетін көргенде ұсынған болатын. Өкінішке орай, Сарайшық сияқты ХІІІ ғасырда салынған көне Сарай әл-Махрус қаласының орны да қалмаған. Алайда, ол Сарайшық сияқты биліктің бей-жайлығынан емес, XV ғасырдағы хандардың өзара қырқысы кезінде жойылған еді.

Қазіргі Сарай-Бату қаласын бастапқыда «Орда» тарихи көркем фильміне үлкен декорация ретінде құрастырып, ғимараттар, құрылғылар, қолөнершілер шеберханалары, зындандар және т.б. салған.Түсірілім аяқталғаннан кейіндекорациялар туристік нысанға айналды. Туристер қасына еріп жүретін арнайы гид жалдап немесе өз бетінше көне қала көшелерімен сол дәуірдің сан мыңдаған саздарын тыңдап, аралай алады.

Ал, енді Сарайшық-2 қаласына оралайық. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Лариса ЖҰМАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, «жаңа ескі» қаланы өр суы келген сайын шайылып кетіп жатқан көне Сарайшықтың кебін кимес үшін жағадан алысырақ салмақ. Бұл нысанды салу, биліктің ойынша, атыраулықтар мен қонақтарымызға қазақ халқының тарихын жақсы білуге мүмкіндік жасайды.

- Өткен жылы біз Сарайшықтың өрлеп тұрған кезіндегі ғимараттардың суреттері салынған форэскиздік жоба дайындадық,- дейді Л. Жұмағалиева. – Биыл эскиздік жобаны дайындап, макеттерді жасап, барлық жобаның ғылыми негіздеу жұмыстарын жүзеге асырып, мемлекеттік комиссияның келісімін алу жоспарланып отыр. Құрылыс мерзімдері әлі белгіленген жоқ, алайда жалпы ауданы 8 гектардай болатын жер телімін алып қойдық.

... «АЖ» әр көктем сайын Алтын Орда орталықтарының бірі – Сарайшықты құтқару бойынша шұғыл шаралар қабылдау керек деп дабыл қағып келеді. Құдай қаласа, іс орнынан қозғалған сияқты: Сарайшық ауылында өзен жағасын бекіту жұмыстарын өткізуге арналған жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге 32 миллион теңге қаржы бөлініпті. 

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

26 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.