Атырау, 18 сәуір 07:42
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Полицей жалған куәлік берген

3 093 просмотра

Мақат аудандық ІІБ жол патрульдік полиция ротасының жүргізушісі Абзал ОЗЫҚБАЙ жалған куәлік жасап бергені үшін жазаға тартылды.

2014 жылы 5қарашада С. А. Мақат аудандық сотының қаулысымен бір жыл мерзімге жүргізушілік куәлігінен айрылған болатын. Абзал Озыкбай осыны біле тұра, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 163-1 бабын («Темекi бұйымының маркасын пайдалану») бұзған деген жалған мәліметтер енгізіп, А. Арманұлы дегеннің атынан хаттама толтырып, өзі қол қойып, уақытша көлік жүргізу куәлігін берген.

- Ол үшін ақысына 15 000 теңге алған,  - дейді Мақат ауданы прокурорының орынбасары Досбол БАҒЫТЖАНОВ.  - Бұл туралы өткен жылдың 24 қарашасында С.А.-ға тиесілі «Лада Приора» көлігін тоқтатып тексергенде мәлім болды. Полицейдің үстінен ҚР ҚК 314-бабы 1-тармағымен («Қызметтiк жалғандық жасау») іс көтеріліп, оған аудандық соттың шешімімен 1 жыл 6 ай мерзімге шектеу жазасы тағайындалды,

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 ақпан 2015, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.