Атырау, 28 наурыз 19:02
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Профилактикалық медициналық қараудан өтпеген адамдар жұмысқа қабылданбау мүмкін

2 827 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Профилактикалық медициналық қараудан өтпеген адамдар жұмысқа қабылданбау мүмкін. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, заң жобасы ең алдымен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқаруды жетілдіруге қатысты нормаларды қамтып отыр. «Атап айтқанда, құжат қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қолжетімділігін қамтамасыз ету принцптерімен толықтырылды. Сонымен бірге, Елбасының Жарлығы бойынша мемлекеттік басқару деңгейінің арасындағы құзыреттіліктің аражігінің ажыратылуына байланысты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті жаңа 20 функциямен толықты. Олар бұрын Үкіметтің қарауында болған еді», - деді министр Т. Дүйсенова.

Оның айтуынша, санитарлық-эпидемологиялық қызметтің Ұлттық экономика министрлігіне берілуіне байланысты осы қызмет пен денсаулық сақтау аясындағы мемлекеттік органның қызметтері жеке бапқа бөліну арқылы ажыратылған. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдардың жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын қоса алғандағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау бойынша құзыреттері кеңейтілген.

«Заң жобасы бойынша мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың өз денсаулығын сақтауға ортақ жауапкершілігін дамыту шарасы да қамтылып отыр. Бұл ретте жұмыс беруші тексеріп қаралулардан, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қараудан өтпеген адамдарды жұмысқа алмауын көздейтін норманы қарастырдық. Қоғамдық маңызы бар жұмыспен айналысатын қызметкерлер үшін ауысым алдында міндетті медициналық тексерулер енгізу ұсынылады. Бұл норма кәсіби ауруларды айқындап, оның алдын алуға, сондай-ақ ұйым қызмектерлерінің еңбек қауіпсіздігін дамытуға мүмкіндік бермек», - дейді Т. Дүйсенова.

Дереккөз: inform.kz

19 ақпан 2015, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.