Атырау, 28 наурыз 15:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Мөлшердің мәні бар

2 183 просмотра

 

Жыл басынан бері ҚР бірнеше нормативтік актілеріне енгізілген, соның ішінде, заңды тұлғаларды тіркеу мәселесі бойынша түзетулер күшіне енді. Енді ЖШС-ні тіркеуді арнайы алым төлеу қажеттілігінсіз ғаламтор арқылы жүзеге асыруға болады, ал шағын бизнес жарғылық капиталдан босатылды. Бұл туралы кеңірек заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА айтып берді.

Мәселен, бұрын ЖШС-ні тіркеу кезінде құрылтайшылар тіркеуші органға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымын төлегенін дәлелдейтін түбіртек немесе басқа құжатты ұсынуға міндетті болатын. Жаңа нормаларға сәйкес баж салығының төленгені туралы осы ереже шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты емес. Осылайша, шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға құрылтайшыдан Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен форма бойынша кәсіпкерлік қызметтің жүзеге аса басталғаны туралы хабарлама және тізім бойынша (ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңының 6-1 б.) өзге де құжаттар тапсырылады. Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу сонымен қатар электронды түрде де жүзеге асырылады, ол үшін тек «электронды үкіметтің» веб-порталына электронды хабарлама берсе жеткілікті. Шағын және орта бизнес  субъектілерін электронды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген кезден бастап жұмыс күнінің бір сағаты ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Заңды тұлғаны тарату барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлға қатысушылары, сонымен қатар,  мемлекеттік баж салығын төлеуден де босатылады.

Сонымен қатар, жарғылық капитал бөлімінде де өзгерістер бар. Бұрын ірі кәсіпкерлік субъектілеріне арналған жарғылық капиталдың мөлшері ЖШС-ні тіркеу туралы өтініш әділет органдарына түскен күні 100 АЕК-тен кем емес, ал шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 теңге болды. Жаңа жылдан бастап орта бизнес үшін жарғылық капиталдың алғашқы мөлшері 100 АЕК-ке дейін көтерілді, ал шағын бизнес жарғылық капитал қалыптастыру міндетінен босатылды.

- Заңгерлердің арасында үлкен  резонанс тудырған келесі маңызды жаңалық – заңды тұлғада мөр болу ережесінің алынып тасталынуы, - дейді А.Дәулетбаева.

ҚР Азаматтық кодексінің 33-бабы 2-тармағына сәйкес заңды тұлғаның мөрі болуы міндетті. Бірақ 2015 жылдан бастап бұл норма еліміздің Азаматтық кодексі мен заңдарында қарастырылған ерекше жағдайлардан бөлек жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты болмайды. Бірақ ҚР АК 152-бабы 3-тармағына сәйкес, тараптар келісімшартқа қол қою барысында серіктестер арасындағы келісімдік қарым-қатынасты заңды тұлғаның мөрімен бекітуді талап етуге құқылы. Бұл ҚР АК 33-бабы 2-тармағында бекітілген нормаларды бұзу болып табылмайды. Сенімхат мәселесі бойынша ҚР Азаматтық кодексінде былай делінген (167-бап, 6-т.): «Заңды тұлғаның атынан сенімхат оның басшысының немесе осы орынға құрылтайшылық құжаттармен өкілеттігі бар басқа тұлғаның қолымен беріледі және егер осы тұлғаның ҚР заңдылығына сәйкес мөрі болуы тиіс болса, осы мекеменің мөрімен бекітіледі. Осылайша, заңды тұлғалардың барлығы бірдей мөрдің болу міндетінен босатылмаған. Заңгерлер ЖШС атауын ресімдеген кезде мұқият болуға кеңес береді. Оның фирмалық атауы және «жауапкершілігі шектеулі серіктестік» сөздері немесе «ЖШС» аббревиатурасы болуы керек.

- Тіркеу кезіндегі өтініште серіктестік қандай атаумен көрсетілсе, сол фирмалық атаумен серіктестік мемлекеттік тіркеуден өтеді. Өтініште соңында нүкте қойып (мәселен, ЖШС «АРКА».) көрсеткендіктен, рәсімдеу кезінде де оларды осы пунктуациялық белгіні қоюға міндеттеген жағдайлар да кездесті, - деп атап өтті А.Дәулетбаева.

Серіктестік, сонымен қатар, фирмалық атаудың шет тілдеріндегі қысқарған формасын және оның эквиваленттерін қолдануға құқылы. Шетелдік қатысушылықпен құрылғалы жатқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауына оның құрылтайшыларының мемлекеттілік қатыстылығын көрсету енгізілуі мүмкін.

19 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.