Атырау, 24 сәуір 11:34
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Күзетті жеңгетайлықпен шатастырған

2 964 просмотра

Фото:krim.ruФото:krim.ru

Атырау қалалық №2 соты ҚР ҚК-нің 271-бабы («Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар       ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық») бойынша үкім шығарды.

Сотта иелігінде саунасы бар ЖШС күзетшісінің жеңіл жүрісті әйелдерден олар үшін клиенттерден «тапсырыс» қабылдап, ішке кіргізгеніне ақша алғаны туралы криминалдық эпизод дәлелденді.

Ол қылмыс үстінде, 2014 жылдың 18 қыркүйегінде сауна клиентінің өтініші бойынша өзінің ұялы телефонынан екі жеңіл жүрісті әйелді шақырып алған кезде ұсталды. Осы қызметі үшін олар оған 3 мың теңге берген.

- Сотталушы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын бап бойынша кінәлі деп танылды, - дейді

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВ.Алайда, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіретіндігін, бұрын сотталмағандығын және отбасының жалғыз асыраушысы болып табылатындығын ескерген сот оған қатысты ҚР ҚК-нің 55-бабын қолданып, анағұрлым жеңіл жаза тағайындады. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш (49 550 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 ақпан 2015, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.