Атырау, 24 сәуір 01:56
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қанішер лейтенант, сөмке ішіндегі өзбек және басқа да оқиғалар

4 077 просмотра

Батыс өңірінің әскери прокуратурасы 2014 жылдың қорытындыларын шығарды.

 

ҮЙДЕГІ «ШӨП»

Батыс өңірі әскери прокурорының орынбасары Руслан ӘЛМАХАНОВТЫҢ айтуынша, өткен жылдың наурызында 41321 әскери бөлімінде (аэромобильді әскер) сегіз миллион теңгеден аса сомадағы жанар-жағар май материалдарының жетіспеушілігі анықталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс ашылып, кінәлі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2016 әскери бөлімінде болған тағы бір оқиға: автобронды танк қызметі қоймасының жаңа бастығы лауазымға тағайындалған сәттен бастап бір жыл бойы автомобильдің қосалқы бөлшектері мен тегершіктерді ұрлаған. Ол 2,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сол әскери бөлімнің қаржы қызметінің бастығы өзіне 470 мың теңге жазып алған. Алайда, ақшаны қайтарып, жазадан құтылды.

Ал 41433 әскери бөлімнің (барлау полкі) қызметшісі анаша шегетін «ұйық ұйымдастырған».

- Мұның барлығы әкесі екеуі жалдап тұратын пәтерде болған, -  дейді Р. Әлмаханов.– Ол анашаны өзі ғана шеккенімен қоймай, қызметтестерін, сондай-ақ азаматтық тұлғаларды да үйреткен. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлі 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

«МҰРАГЕРДІҢ» ЖАНЫНДАҒЫ ШАЙҚАС

Сол әскери бөлімнің келісімшарт негізінде қызмет атқаратын екі қызметшісі өз қызметтесіне қатысты қылмыстық іске куәгер ретінде қатысып, жалған айғақ берген. Оқиға былай болған еді: Привокзальныйда орналасқан қорғаныс министрлігі барлау полкінің аға лейтенанты жұмысқа кетіп бара жатып, «Мұрагер» базары маңында үш азаматтық тұлғамен керісіп қалады. Ол күш теңестіру үшін телефон арқылы өзінің екі қызметтесін шақырады. Төбелесте әскерилер жеңіске жетіп, аға лейтенант қарсыластарының бірінің басын жарып қояды. Әскери сот оны «Қасақана денсаулыққа зиян келтіру» бабы бойынша кінәлі деп тауып, екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырады.

- Іске кәугер ретінде қатысқан екі қызметтесі оны құтқару үшін жалған айғақ берді, - дейді Р. Әлмаханов.– Сот оларды бір жылға әскери қызмет бойынша шектеп, жалақыларының 15%-ын ұстауға үкім шығарды.

 

ЗАСТАВА МАҢЫНДА

Әскери прокурорлар тағы бір криминалдық оқиға туралы айтып кетті.

Сенім телефонына 2016 әскери бөлімнің техникалық бақылау бекеті бастығының әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарды ұрғаны туралы хабар келіп түсті. Кейін анықталғандай, таңғы астан кейін офицер дәлізге бес сарбазды сапқа тұрғызып, боксшы қолғабын киіп, кезекпен ұрған. Ерсіленген лейтенант сарбаздарға газ тұмшалағыш, резина қорғаныс костюмін кигізіп, заставаны айнала жүгіртіп, онымен қоймай, соғып-тепкілеген.

Оған қатысты 380-бап («Билігін асыра пайдалану») бойынша қылмыстық іс қозғалып, бас бостандығынан айырылды.

 

СӨМКЕДЕГІ ГАСТАРБАЙТЕР

«Құрманғазы-авто» шекара бақылау бөлімінің екі әскери қызметшісі 2014 жылғы 20 ақпан күні кешке шаруашылық сөмкесіне тығылған Өзбекстан азаматын байқамаған. Затқа айналған өзбекті ресейлік шекарашылар тауып алған. Кейіннен қазақстандық шекарашылар «Газельді» тексеріп қарау кезінде ешқандай жүк көрмегендерін, оның қалай пайда болғанын білмейміз деп ат-тондарын ала қашты.

- Жүргізілген тергеу амалдары арқылы шекарашылардың кінәсі дәлелденбеді, өйткені бейнебақылау жүйесі жұмыс жасамай тұрған. Айта кетсем, ол жүйе бүгінде де жұмыс жасамай, сол күйінде тұр, - дейді Р. Әлмаханов.

Жалпы, статистикаға қарасақ, алға ілгерілеушілік бар: 2013 жылмен салыстырғанда әскери қылмыстар тоғыздан үшке дейін, жалпы қылмыстық оқиғалар тоғыздан төртке дейін төмендеген.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

13 ақпан 2015, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.