Атырау, 19 сәуір 17:13
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Теміржолшылар үшін киловатт қымбат

2 657 просмотра

– 2015 жылғы 15 қаңтардағы «АЖ»-ның №3 санында теміржолшылар тұратын ықшамаудандар үшін электр энергиясы тарифін көтеру туралы «Ерекше аймақ» жөнінде ақпарат жарияланды. «Теміржол Энерго» ЖШС тарифтің не себепті қымбаттағанын түсіндірді ме?

Телефон арқылы

Сұраққа «Теміржол Энерго» ЖШС бас директоры Александр СКУЙБЕДАжауап берді:

– 2009 жылдың қыркүйегінен бастап ЖШС Қазақстанның барлық өңірлері бойынша магистральды теміржол желілері бойындағы электр энергиясын бөлшек саудамен тұтынушыларды электр энергиясымен қамту міндеттемесін өз мойнына алды. Атырау өңірінде ЖШС-нің босату тарифі электр өндіруші және электр таратушы мекемелердің босату тарифінен түзіледі. Атап айтқанда: «АЖЭО» АҚ – 7,3теңге (кВт үшін бағалар), «Атырау Жарық»  АҚ– 4,76теңге, электрді теңгерімдеу жөніндегі жүйелік оператор – 0,083теңге, Атырау электрмен жабдықтау– 0,95теңге.

Осылайша ЖШС-нің Атырау өңірі үшін бөлшек саудамен тұтынушыларға арналған электр энергиясының өзіндік құны 13,09теңгені құрайды, бұл «Теміржол Энерго» ЖШС босату тарифінен 2,84 теңгеге жоғары.

2009 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде Атырау өңірінің тұтынушыларын бөлшек саудада энергиямен жабдықтау бойынша ЖШС707 млнтеңге шығынға ұшырады. Мұнда тарифті көтеру есебімен 2015 жылға болжанған шығын 89 млнтеңгені, ал тарифті көтерусіз 171 млнтеңгені құрайды. ЖШС шығынсыз деңгейге шығу үшін босату тарифі 15,59 теңгені құрауы тиіс. ЖШС кіріс алуға бағытталған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратындығына қарамастан аталмыш өңірдегі босату тарифін көтеру механизмдері 2009 жылдан бері қолданылмаған.

ЖШС шығындарды кезеңмен оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатта ЖШС өңірлік электрмен қамтушы мекемеге – «Атырау Энергосату» ЖШС-не ЖШС-нің бөлшек сауда тұтынушыларын электр энергиясын кепілдендірілген жеткізуші ретінде олардың құзырына беру туралы ұсыныспен әлденеше рет жүгінген. Бұдан басқа, ЖШС Атырау облыстық әкімдігіне ЖШС филиалы қызметінің жоспарлы жабылуына байланысты тұтынушыларды кепілдендірілген жеткізушінің құзырына беруге қолдау көрсету туралы өтінішпен шыққан. Қазіргі уақытта ЖШС жергілікті билік органдарынан жауап алған жоқ, кепілдендірілген жеткізуші де ЖШС-мен диалогқа шықпады. 

5 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.