Атырау, 16 сәуір 21:06
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Мұхтар Әблязов Мәскеу қалалық сотына шағымданды

2 842 просмотра

Суретті түсірген Ярослав Радловский.Суретті түсірген Ярослав Радловский.БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов оның Ресейдегі мүлкіне тыйым салынуына байланысты Мәскеу қалалық сотына шағымданды, - деп хабарлайды "РАПСИ" соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мәскеудің Тверь сотының мүлікке тыйым салу туралы шешіміне қатысты арыз келіп түсті. Ол 9 ақпан күні қаралады", - деді агенттікке соттағылар. Алайда әңгімелесуші мәселе дәл қандай мүлікке қатысты екенін нақтылаған жоқ.

Мұхтар Әблязов 2013 жылы жазда Францияда ұсталып әлі күнге дейін тұтқында отыр. Ол 2015 жылы Ресейге ауыстырылады деген мәлімет бар, себебі Францияның соты Ресейдің бас прокуратурасының Мұхтар Әблязовті экстрадициялау туралы өтінішін қолдаған болатын. Бұрынғы банкир алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау мен лауазымен асыра пайдаланды деп айыпталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Мұхтар Әблязовті 6 миллиард доллардан аса сомаға қаржылық алаяқтық жасады деп айыптады. Қылмыстық іс 2009 жылы қозғалды. Осыдан кейін бұрынғы банкир елден қашып, ұзақ уақыт бойы Ұлыбританияда тұрды. Біраз уақыттан кейін Мұхтар Әблязов Лондоннан кетті. БТА банктен ақша жымқырғандардың ісі бойынша Мәскеуде бірнеше адамға қазірдің өзінде жазаның кесілгені бұған дейін хабарланған болатын. Айта кетейік, Қазақстанда Әблязов 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 ақпан 2015, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.