Атырау, 23 сәуір 18:17
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін бюрократия деңгейін төмендетуі керек - Ұлыбритания елшісі

1 986 просмотра

Фото: tengrinews.kzФото: tengrinews.kzАлматы. 3 ақпан. ҚазТАГ – Дамыған деген 30 елдің қатарына кіру үшін Қазақстан өзіндегі бюрократия деңгейін төмендетуі керек, деп есептейді Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Кэролин Браун.

«Біз Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған деген 30 елінің қатарына кіруге деген ұмтылысын түсінеміз. Ол мақсатқа тек нарықты ашу және бюрократия деңгейін төмендету арқылы қол жеткізуге болады. Мемлекеттік құрылымдардың бизнеске әкімшілік ауыртпалығын төмендету керек», - деді К.Браун мемлекеттік бір БАҚ-қа берген сұхбатында.

Бұл ретте ол Қазақстанда Британиялық коммерциялық палата ашпақшы екенін жеткізді. «Биылдың өзінде біз Қазақстанда Британиялық коммерциялық палата (British Chamber of Commerce) ашпақшымыз. Бүгінге республикада әр түрлі секторларда, оның ішінде мұнай-газ саласында да британиялық толып жатқан компаниялар қызмет атқаруда, сондықтан коммерциялық палата ашатын уақыт келді. Ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасы секілді британиялық кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын болады», - деді К.Браун. 

Дереккөз: ҚазТАГ

3 ақпан 2015, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.