Атырау, 29 наурыз 16:07
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қанағаттандырылмаған апелляция (толықтырылды)

2 460 просмотра

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы өзіне сеніп тапсырылған қаржыны ысырап қылғаны үшін сотталған «Аsia Credit Bank» АҚ бұрынғы директоры Ләззат ТҰРЫСБЕКОВАНЫҢ апелляциялық шағымын қанағаттандырудан бас тартты.

 

Өткен жылдың желтоқсанында Атырау қаласының №2 қалалық соты Тұрысбекованы мүлкін тәркілеп, 7,5 жылға жалпы режимдегі түзету колониясында жазасын өтеуге үкім шығарған еді. Сот оны қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған ірі көлемдегі ақшалай қаржыны иемденіп, ысырап қылуға кінәлі деп танылды.

 

Редакцияда бар мәліметтер бойынша, қылмыс 2010-2011 жылдар ішінде жасалды. Алматының тумасы Тұрысбековаға 2011 жылдың қыркүйегінде Атырау облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес департаменті ҚР ҚК-нің 176-баптың 3-тармағының «б»-тармақшасы («Ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету») және 177-баптың 3-тармағының «б»-тармақшасы («Ірі мөлшердегі алаяқтық») бойынша қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеу жариялады.

 

Облыстық соттың ақпараты бойынша, сотталушы 17 млн теңге көлеміндегі банкке тигізілген зиянды қалпына келтіруі тиіс.

 

Тұрысбекова апелляциялық шағымында өзінің кінәсін жоққа шығармаған, бірақ кәмелетке толмаған баланың анасы болғандықтан өзіне ҚР ҚК-нің 72-бабын («Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге жазаны өтеуді кейінге шегеру») қолдануды өтінген.

 

Алайда облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, бірінші сатыдағы сот

Тұрысбековаға жаза тағайындауда жауапкершілігін жеңілдететін бұл жағдайды ескерген екен.

 

Қылмыстық сот материалдарымен жете танысқан апелляциялық сот алқасы Л.Тұрысбековаға қатысты №2 қалалық соттың үкімін өзгеріссіз, сотталушының апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

 

Қаулы жария етілген сәттен бастап заңды күшіне енді.

Сондай-ақ, редакцияда «AsiaCreditBank»-тың бұрынғы директоры Тұрысбекова жасаған басқа да осыған ұқсас қылмыстар эпизодтары туралы мәліметтер бар.  2011 жылы мамырда жүргізілген банктің сақтау орнындағы жоспардан тыс ревизия ірі сомадағы ақшаның жеткіліксіздігін анықтаған. Тергеу Тұрысбекованың бұйрығымен банк клиенттерінің шотынан ірі көлемдегі ақша Тұрысбекованың күйеуі Е.Бакешовқа тиесілі «“Альфа Альянс Атырау” сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС-інің шотына аударылып отырғанын анықтады.  

 

Атырауда жұмыс істеген екі компанияның шоттарынан барлығы 88 млн теңгеден астам қаржы шығарылып алынған. Клиенттер келтірілген залал сомасын банктен 2011 жылы талап еткен, сот оны өндіруге қаулы шығарды. Тұрысбекова жасырынып үлгерді. Сәл кейінірек осы факті бойынша Е.Бакешов те айыпталушы ретінде қарастырылды, ол да сотталды, бірақ әйелінен бұрынырақ. Тұрысбекова 2013 жылдың қыркүйегінде қамауға алынды.   

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

29 қаңтар 2015, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.