Атырау, 24 сәуір 17:59
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Астана медициналық туризм бойынша Орталық Азиядағы орталықтардың біріне айналды

2 075 просмотра

АСТАНА, 28 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА.Астана медициналық туризм бойынша Орталық Азиядағы жетекші орталықтардың біріне айналды деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

"2011-2014 жылдары Астанадағы Ұлттық медициналық холдинг (ҰМХ) клиникаларында және Ұлттық ғылыми медициналық орталықта (ҰҒМО) әлемнің 30-дан астам елінің 4799 азаматына медициналық көмек көрсетілді.Атап айтқанда, жоғары медициналық мамандандырылған көмек алу үшін ҰМХ еншілес ұйымдарына Ресей, АҚШ, Жапония, Италия, Ұлябритания, Түркия, Болгария, Шри-Ланка, Филиппин, Қырғызстан және өзге елдердің азаматтары келген",-делінген хабарламада.

Шетел азаматтары көбінесе омыртқа дискі жарығын микрохирургиялық жолмен алып тастау, экстракорпоральды ұрықтандыру, жүректегі қан жолы тетігіне кардиохирургиялық ота жасау, жатыр артериясын эмболизациялау сияқты қызметтерге жүгінеді. 

2011-2014 жылдар аралығында ҰМХ ұйымдарында 4734 шетелдік азаматқа көмек көрсетілді.

"Өзге елдерге қарағанда Қазақстанда жасалатын оталардың құны төмен. Мысалы, сүйек кемігін транспланттау Қазақстанда - 51 000 ш.б. болса, Ресейде – 90 000 ш.б.; бауыр трансплантациясы Қазақстанда – 20 000 ш.б., Түркияда – 108 000 ш.б.; бүйрек транплантациясы Қазақстанда – 16 000 ш.б., Ресейде – 40 000 ш.б.",-делінген хабарламада.

Сонымен қатар, медициналық туризм Ұлттық ғылыми медициналық орталықта да жақсы дамуда. Бұл орталықта АҚШ, Қытай, Кувейт, БАӘ, Үндістан, Ресей азаматтары емделді.

Шетелдік пациенттер мұнда жасуша технологияларын пайдалана отырып, ішкі органдар жетіспеушілігін морфо-функционалды түзету мақсатында келеді. Сондай-ақ, өзге елдер азаматтары арасында метаболикалық синдром, 2 типтегі қант диабеті ауруы жиі кездеседі.

Дереккөз: newskaz.kz

29 қаңтар 2015, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.