Атырау, 19 сәуір 08:01
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Пошта қызметкерлері жұмбақ күйде уланып қалды

2 234 просмотра

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгін, 28 қаңтарда 15 сағат 43 минутта департамент пультіне қалалық медициналық жедел жәрдем стансасының диспетчерінен «Қазпошта» АҚ филиалы кеңсесінде 5 қызметкердің белгісіз затпен уланып қалғаны туралы хабарлама түсті.

Біз жедел жәрдем стансасының диспетчеріне хабарласқан едік. Ол жедел жәрдем бригадасының улану себебін анықтай алмағанын айтты. Пошта қызметкерлері аяқ астынан дем жетпей тұншығып, бастары айналып, терілерінің дуылдап қыши бастағандығына шағымданған.

Олардың барлығы да жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға «Белгісіз этиологиядағы улану» диагнозымен жеткізілді. Облыстық аурухананың қабылдау бөлімі медбикесінің айтуынша, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін улану белгілері тыйылған. 16 сағат 50 минутта зардап шегушілер үйлеріне жіберілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 қаңтар 2015, 19:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.