Атырау, 25 сәуір 11:22
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қарапайым мектепте оқудың бақыты

3 332 просмотра

«Еуразия Орталық Азия» қоры «Атырау достары» бастамашыл тобының қолдауымен 2014 жылы бастаған «Дайын бол!» жобасы өз нәтижелерін беруде. Өткен оқу жылының басында №1 интернаттың балалары мектептен нашар бағалар алып жүр еді, ал, қазір пән олимпиадаларына қатысады.

САБАҚҚА БАРАР ЖОЛДА

Біз бұрын өз мекемелерінің қабырғасында білім алған №1 интернаттың балалары 1 қыркүйектен бастап жалпы білім беретін мектептерге барғанда бағдарламаларды игеруде бірден қиыншылықтарға тап болғаны туралы жазған едік. Олардың үлгерімі сыныптастарына қарағанда біраз төмен еді, олардың кейбір базалық дағдылары мен білімдері болмады.

- Интернат жабық мекеме болды, шәкірттер бір жаққа шықса да, тәрбиешілерінің қадағалауымен жүретін, оларға қонақтар тек мереке күндері келетін. Күнде көретін сол бір адамдар, жабық кеңістік, жаңа әсерлердің жетіспеушілігі қалай болғанда да балалардың дамуына жағдай жасамады. Білімдерінің кемшілігі қарапайым мектепке келген алғашқы күнде-ақ байқалды, - дейді жобаның үйлестірушісі Ирина ГОРБАЧЕНКО.

«Дайын бол!» жобасы аясында балаларды дайындау үшін математика, логика, физика, химия, орыс және ағылшын тілі, сондай-ақ, балаларға математика мен қазақ тілінен көмектесетін бастауыш сынып оқытушылары шақырылды. Осы оқу жылында оқу әрі қарай жалғасын тапты, алайда мұғалімдер мұнымен тоқтап қалмады. Жаңа жоба «Мен мақсатқа жетемін» деп аталады, мұның да үйлестірушісі - «Еуразия Орталық Азия» қоры мен «Атырау достары» бастамашыл тобы. Өткен жылдары кеткен кейбір кемшіліктердің орнын толтырып, мұғалімдер балалардың мектеп материалын жақсы меңгеруі үшін үй тапсырмасын тексеруді қолға алды. Олар өз міндеттеріне кірмесе де, балаларға негізгі пәндермен қатар география, тарих, биологияны оқуға көмектесіп жатыр. Ұзақ ізденістен кейін бағдарлама үйлестірушісі балаларға жақсы логопед тапты. Балалардың көпшілігі материалды мазмұндап айта алмайтын. Интернатта олар үй тапсырмасын орындамады, емтихандар тапсырмады, ҰБТ-дан өтпеді. Жалпы білім беретін мектепте талап күштірек, алайда балаларға сол жерде оқыған ұнайды. Енді олардың достары көбейді, мектепке дейін көшемен жүріп, сыныптастарыңмен жаңалықтар бөліскенге не жетсін! Тұрмыстық деңгейдің өзінде де өмірінде жаңа адамдардың пайда болуы балалардың мінез-құлқына жақсы әсер етеді: олар сөйлейтін сөздеріне бақылау жасауды, артық бейпіл сөздерді қолданбауды үйренді, ер балалар сотқарлықтарын қоя бастады.

 

БАЛАЛАР МЕН ТЕАТР

Сабаққа деген ыждағаттылығы Динара АДАМБАЕВАҒА орыс тілі бойынша мектеп олимпиадасына қатысып, жүлделі орын алуға мүмкіндік берді. Бір орнында отыра алмайтын ұшқалақ, алайда, ақылды Фархат АЛИЕВ химия пәнінен олимпиадада екінші орын алды. Қазақ тілін өте жақсы меңгерген Лиза САФРОНОВА алдымен №30 мектепте жеңіске жетіп, кейін қалалық олимпиадада екінші орын иеленді. Лиза мен Света ОБНОСОВА тоғызыншы сыныптан кейін мектептегі білімін жалғастыруға шешім қабылдады. Олар - алға қарай жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап отырған интернат шәкірттерінің бірі. Олар үшін түрлі көмекші құралдар сатылып алынып, қазір олар мұғалімдердің көмегімен ҰБТ-ға дайындалып жатыр.

Алайда балалар үшін ең жағымды жаңалық «Ертегі» балалар мәдениет орталығы жанынан ашылған театр үйірмесі болды. Ол жерде балалардың тілін дамытып, сахна шеберлігі бойынша дәрістер берілді. Алғашқы үш айда сабаққа екінші ауысымда оқитын жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқу аяқталғаннан кейін олар өз достарына Шоқыну мерекесіне арналған қойылым көрсетті.

Кейбір қыздар үшін бұл студия нағыз жетістік оқиғасы болды: өте тұйық, ұялшақ қыздар үнемі сыбырлап сөйлесетін, ешқашан іс-шараларға қатыспайтын еді, жұрт алдына шығып сөйлеу, тіпті, сыныптастары алдында сабақты қайталау алғашқы уақыттарда азаптай көрінетін. Әрине, олар қазір де ұялшақ, сұрамасаң, өз пікірлерін айтпайды, алайда қыздардың осы қойылымға қатысуының өзі де алға жасалған үлкен қадам. Ал, ақпанда келесі топтың сабағы басталады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.