Атырау, 25 сәуір 03:30
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жәрдемақыға қол сұғылмайды

2 782 просмотра

– Банк менің шотыма түскен мемлекеттік жәрдемақыны несиелік қарыз шотына аударды. Банктің бұлай етуге құқығы бар ма?

Телефон арқылы

СұраққаҰлттық банк АФ қаржы ұйымдарын бақылау және қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Асланбек ҚАБЕСОВ жауап берді:

– Мәселе мынада. Қарыз алушылар өздерінің міндетті төлемдерін, мәселен, несие бойынша, уақытында төлеуді тоқтатса, банктердің қарыз алушының кез-келген банк шотындағы ақшасын еш даусыз өндіріп алуға құқығы бар. Бұл ақшаларды банктер несиелер бойынша қарыздарын өтеуге жұмсайды.

Азаматтардың көпшілігі үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер өмір сүрудің бірден бір табыс көзі болып табылады. Оның үстіне, банктердің мемлекеттік бюджеттен және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді сол үшін арнайы ашылған шоттардан қарызды өтеу шотына түсіріп алуға құқығы жоқ. Жәрдемақыны аудару үшін жеке ағымдық шотты ашуға арнайы өтінім керек болса әңгіме басқа, ал, банк клиенттері қарапайым шот ашады.

Мұндай шотты ашу сұралған өтінімде міндетті түрде ағымдағы шоттың мақсаты (жеке тұлғаға мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыны және (немесе) әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдерді аудару) жазылу керек.

Арнайы шот болмаған жағдайда тиісті қарыз алушының мақсаттылығы жазылмаған жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер ретінде алатын және қарыз алушының кез-келген банктік шотына түсетін ақшаларды даусыз тәртіппен өндіріп алуы заңды болып табылады. 

Алименттер мен зейнетақылар жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерге жатпайтынын ескеру қажет.

29 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.