Атырау, 18 сәуір 18:29
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

АРЕС: ҰБТ қорытындысы қажет емес

2 218 просмотра

– 9 сыныпта оқитын ұлым мектебіне «APEC Petrotechnic»-тен адамдар келгенін айтады. АРЕС жанында әлдебір ақылы қымбат курстар бар екен. Бірақ мен түсінбедім – онда оқытатындары осы курстар ма екен, әлде бұл тек түсуге дайындық қана ма екен? Бұл курстар қанша тұрады және ол қаншалықты ұзаққа созылады?

Телефон арқылы

Сұраққа «APEC Petrotechnic» мұнай және газ өнеркәсібінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталығының директоры Ермек КҮЗЕМБАЕВ жауап берді:

– Әңгіме АРЕС жанындағы дайындық курстары – ағылшын тілінің курстары туралы болып отыр. Олар жасына қарамай барлық ниет білдірушілер үшін ашылған, сонымен қатар оқу орнына түсуге дайындық курстарын ашу жоспарлануда. АРЕС-те оқығысы келетіндер аз емес, алайда оқуға түсу кезінде олар канадалық жүйе бойынша тестілеуге дайын емес болып шығады. АРЕС-ке конкурстық іріктеу екі кезеңде жүргізіледі: бірінші алдын ала іріктеуде математика мен ағылшын тілінен тестілер тапсыру қажет. Екінші негізгі іріктеуде, математика, физика, химия бойынша тестілер және ағылшын тілін білу емтиханын тапсырады, сонымен қатар SAIT Polytechnic канадалық емтихан алушымен сұхбат жүргізіледі. Курс құнын әзірге атай алмаймын, өйткені, оқу жоспары әзірленуде, бірақ аса жоғары болмайды.

Оқу ұзақтығы оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты болады. Курстардың емес, тікелей оқудың өзіне келер болсақ, оқу орны 11-сынып, колледж, ЖОО түлектерін қабылдайды. ҰБТ қорытындылары бізге қажет емес, өйткені, біз өзіміз тест жүргіземіз. Демек, 11-сынып түлегі бізге ҰБТ-дан өту сертификатынсыз орта білімі туралы аттестатты ұсына алады.

29 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.