Атырау, 20 сәуір 04:52
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Аудан жаңалықтары

2 570 просмотра

Субсидия - асыл тұқымға

Биыл ауыл шаруашылығы министрлігі ірі сабақты шөп дайындаушыларға берілетін субсидия көлемін қысқартып тастады.

Бұған дейін облыстағы шаруа қожалықтары дайындаған шөп шығынының 50 пайызын өтейтін субсидияны облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы алып келген еді. Өткен жылдың өзінде 266 шаруа қожалығы субсидия қаржысына қол жеткізген болатын.

- Биыл қаулыға енгізілген өзгерістерге байланысты облыс көлемінен берілетін субсидия енді малды асылдандырумен айналысып жатқан шаруа қожалықтарына ғана беріледі, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы-ның басшысы Сырым РЫСҚАЛИ. - Біз облыс бойынша 70-ке жуық шаруа қожалығы субсидияға ие болады деген үміттеміз.

***

 

Бұл енді монша емес

Көптен бері иесіз жатқан Исатай мен Жанбай ауылдарындағы моншалар ғимараттары жөндеуден өтіп, оған бюджеттен 8 млн теңге бөлінген болатын. 

Исатай ауданы әкімінің орынбасары Мәди ӨТЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, Жанбайдағы ғимарат-қа учаскелік полиция орналасса, Исатайдағы ғимаратқа кітапхана және кілем, алаша тоқитын жеке кәсіпкер қоныс тепкен. 

***

 

Жол салып берді

«Железнодорожник-2007» ЖШС биыл Индер ауданында 1 118 шаршы метр төсемтас төсеу жұмыстарына кіріспек.

Бұл мекеме өткен жылы да демеушілік көмек көрсеткен болатын. Компанияның күшімен жаяу жүргінші жолын жақсарту үшін 2 107 шаршы метр төсемтас төселіп, көшеге 25 дана қоқыс жәшігі орнатылды.  

***

 

Made in Zhylyoy

Жылыой ауданында жылына 84 мың тонна әк шығаратын зауыттың құрылысы жүріп жатыр. 

Құлсары қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИННІҢайтуынша, зауыт құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылған. Бүгінде зауытқа барар 3,4 шақырым кірме жол,2,4 шақырым су жүйесі, трансформатор жүргізіліп, ауласы салынып болған. Қажетті құрал-жабдықтар Қытайдан жеткізілген. Зауыт алғашқы өнімін 2015 жылдың шілде айында бере бастайды деп күтілуде.    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.