Атырау, 25 сәуір 02:14
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

ҚХР-дың 38 азаматы елден шығарылады

1 843 просмотра

Қытай Халық Республикасының 38 азаматы Атырау қаласы әкімшілік сотының қаулысымен Қазақстаннан шығарылуы тиіс.

22 қаңтарда Атырауда прокуратура қызметкерлері мен учаскелік инспекторлардың бірлескен рейді барысында 38 қытайлық азамат ұсталды. Олар Қазақстанға 2014 жылдың 10 қыркүйегінде «Алматы» бақылау-өткізу қосыны арқылы іскерлік сапармен – ЖШС-лердің біріне консультациялық қызмет көрсету үшін келген екен. Құжатта олардың ҚР-ға келу мерзімдері – 2015 жылдың 15 тамызына дейін деп көрсетілген. Алайда Атырауға келген соң қытайлықтар ішкі істер органдарына уақытша тіркелуден өтпей, заңды бұзған.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, 2015 жылдың 27 қаңтарында Атырау қаласы әкімшілік сотының отырысында ҚХР азаматтары әкімшілік құқықбұзушылық бойынша өз кінәларын толықтай мойындаған. Сот оларды ел аумағынан шығаруға қаулы шығарды. Шетелдіктер қаулы заңды күшіне енген уақыттан бастап бес күн ішінде ҚР аумағынан кетулері тиіс.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 қаңтар 2015, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.