Атырау, 23 сәуір 12:04
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Ұлыбритания кедей елдердегі балаларға екпе егу үшін 1,5 млрд доллар бөлмек

3 480 просмотра

Тұтастай алғанда GAVI әлемдік донорлары кедей елдердегі 300 млн балаға іш ауруы, пневмония, Б гепатиті, қызылша секілді ауруларға қарсы екпе жасату үшін 7,5 млрд доллар бағыттауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Ұлыбритания үкіметі 1,5 млрд доллар, ал америкалық миллиардер-филантроп Билл Гейтс 1,55 млрд доллар бөлуге уәде берді. Бұл туралы сейсенбі күні Берлинде өткен Global Alliance for Vaccines and Immunisation (GAVI) Жаһандық вакцинация және иммундау альянсының конференциясы барысында айтылды.

Тұтастай алғанда GAVI әлемдік донорлары кедей елдерде тұратын 300 млн балаға жұқпалы ауруларға қарсы екпе егу үшін 7,5 млрд доллар бөлуді көздеп отыр.

GAVI донорлары арасында, Ұлыбританиядан басқа, 600 млн еуро бөлген Германия, АҚШ, Норвегия мемлекеттері бар.

Дереккөз: bnews.kz

28 қаңтар 2015, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.