Атырау, 25 сәуір 15:01
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«300 мың доллар “рақмет” пе, қарыз ба?». «Аштық жариялаған Гүлжан Ерғалиева соттасып жатыр».«Хан Кененің басы қайда: дерек бар, бас жоқ...». «Генерал Жоламанов “откаттан” қанша ақша алды?».«"Қоқысқа" малтыққан Ресей енді Қазақстанға салмақ сала бастай ма?

2 949 просмотра

AZATTYQ. ORG        «300 мың доллар “рақмет” пе, қарыз ба?» - Табиғи монополияны реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы, «жемқорлық» бойынша айыпталған Мұрат Оспановтың сотында айыпталушылардан жауап алынып жатыр.

«СИРИЗА ЕО-ның Ресейге қарсы саясатын өзгерте ала ма?» - Грекиядағы сайлауда солшылдардың СИРИЗА коалициясының жеңіске жетуі Еуропа қаржы нарығында дүрбелең тудырды. «Бұл оқиға ЕО сыртқы саясатына өзгеріс әкеледі» деп болжайтындар да бар.

«Аштық жариялаған Гүлжан Ерғалиева соттасып жатыр» - Adam bol журналының аштық жариялаған бас редакторы басылым мүлкіне қамау салған сот орындаушыларымен және Алматы әкімдігімен соттасып жатыр.

«Қазақтың ат спорты мен медицинасы – Қытай мұралары тізімінде» - Мамандар қазақтың ат спорты мен ұлттық медицинасының Қытайдағы материалдық емес мұралар тізіміне енуі ол мұралардың дамуына сеп боларын айтады.

«БҰҰ өкілі Жаңаөзенде болды» - БҰҰ өкілі Майна Киаимен кездескен жаңаөзендіктер бейбіт халыққа оқ атқандарды әділ жазаға тарту және түрмеде отырған мұнайшыларды босату жайлы өтініш айтты. Киаи сапар қорытындысын сейсенбіде Астанада жария етпек.

ALASHAINASY.KZ        «"Қоқысқа" малтыққан Ресей енді Қазақстанға салмақ сала бастай ма?» - Халықаралық Standard & Poor's агенттігі кешелі бері Ресейдің рейтингін төмендетті.

«НАТО әскері Беларуссияға неге жақындап келеді?» - «Бүгін Волковысск аудандық әскери комитеті резервтегі 140 әскериді шақыртып алды.

«Лаврентий Берияны білеміз бе?» - Грузин «жаналғышы» жайлы айтылар сөз аз емес.

«Хан Кененің басы қайда: дерек бар, бас жоқ...» - Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында 20 сериялы тарихи фильм түсірілетіні туралы айтылғанымен, кейін оған қатысты әңгіме көбейген еді. Дағдарыс әсер етті ме, әйтеуір жауапты тарап 20 серияның онға қысқарғанын жұртқа жария етті.

«Алып империялардың абыройсыз соғысы бүкіл адамзатқа зардабын тигізді» - ХХ ғасырдың басында экономикасы дамыған капиталистік елдердегі монополия, қаржы капиталының үстемдігі әлемдік рынокты қайта бөліске салуға алып келді.

«Долларды ығыстыра аламыз ба?» - Бүгінде «доллар жүрген жерде қауіп бар» деп таныған әлемнің біраз мемлекеттері көк қағаздан бас тарта бастады.

«Банктерді біріктіру арқылы бәсекеге қабілетті ете аламыз ба?» - Қазір бәсекеге бәс тіге алмайтын банктердің дағдарыс кезінде бірден құрдымға кететіні айқын бола түскен тұс. Көрші Ресейде қалыптасқан экономикалық ахуал мұны бізге тағы бір дәлелдеп берді.

TURKYSTAN.KZ    «Қазақты қалаға келтірмеудің амалы ма?» - Қазақ Үкіметінің былтыр қабылдап, биыл қолданысқа енгізген жаңа заң баптары жұртты біраз дүрлігіске салды.

SERKE.ORG.  «Генерал Жоламанов “откаттан” қанша ақша алды?» - Кеше Астана қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысы, генерал Нұрлан Жоламановқа қатысты сот отырысы басталды.

QAZAQUNI.KZ    «Сауын сиырдың сарқылмас “жыры”…»  - 31 желтоқсанда жылы үміт үрлеген үкіметіміз арада он күн өтпей: “Мемлекет – сауын сиыр емес” деп шыға келді.

27 қаңтар 2015, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.