Атырау, 25 сәуір 12:02
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау облыстық сотындағы тағайындаулар

3 453 просмотра

Атырау облыстық сотында кадрлық ауыс-түйіс пен жаңа тағайындаулар орын алды.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТІҢ хабарлауынша, бұрын Жылыой аудандық сотының төрағасы лауазымында болған Жайдарбек ДИЯРОВ облыстық соттың судьясы болып тағайындалды. Жылыой аудандық сотының төрағасы болып Асхат САУДАБАЕВ тағайындалды. Ол бұрын Атырау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы болған еді.

Бұрын Индер аудандық сотының төрағасы лауазымында отырған Ерболат АМАНҒАЛИЕВ Құрманғазы аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды. Индер аудандық сотының төрағасы лауазымына бұрын Құрманғазы аудандық сотының төрағасы болған Дина ТУХФАТОВА тағайындалды. Айтжан ДОСМАҒАНБЕТОВА Махамбет аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА  

27 қаңтар 2015, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.