Атырау, 28 наурыз 23:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қашағаннан мұнай өндіру 2016 жылдың соңына қарай жоспарланып отыр

1 499 просмотра

Қашағаннан мұнай өндіру 2016 жылдың соңына қарай жоспарлануда. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін журналистерге берген сұхбатында Энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы біз 80,5 млн. тонна мұнай өндіруді жоспарлап отырмыз. Қазіргі күні әлемдік мұнай бағасы айтарлықтай арзан, сондықтан да, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, шығындарды үнемдеуге қатысты теңдессіз қадамдарға бару қажет. Министрлік осы бағытта жұмыстар атқаруда», - деді В. Школьник. Оның айтуынша, Қашағаннан мұнай өндіру 2016 жылдың соңына қарай жоспарланып отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

26 қаңтар 2015, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.