Атырау, 25 сәуір 18:34
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Украина Гаага сотына жүгінбек

1 983 просмотра

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Александр Турчинов.

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі Мариуполь қаласын атқылаудан соң өткізген төтенше жиынында үкіметке 2014-2015 жылдары украин азаматтарына жасалған қылмыстарға тексеру жүргізу үшін Гаагадағы халықаралық сотқа үндеу жолдауды тапсырды. Украина өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" мен "Луганск халық республикасын" халықаралық деңгейде "террористік ұйымдар" деп тануды сұрамақ.

Қаңтардың 24-і, сенбі күні Мариуполь қаласы "Град" әскери артиллериялық қаруынан атқыланған. Соңғы деректер бойынша, тұрғын үйлер кварталдарына түскен снарядтардан 30 адам қаза тауып, 90-нан астамы жараланған.

Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің жиынына қатысушылар "Ресей тарапынан төнген қауіпке және терроризмге қарсы тұру" шараларын талқылаған. Кеңес бұған қоса Еуропа Одағы мен АҚШ-тың Ресейге қарсы салған санкцияларын Украина территориясында міндетті түрде қолдану қажеттігін мәлімдеді.

Киев "Мариупольді атқылаған сепаратистерге тікелей әскери қолдау көрсетіп отыр" деп Ресейді айыптады. Өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" өкілдері бұл оқиғаға өздерінің қатысы жоғын мәлімдеп, қаланың атқылануын үкімет күштерінен көрген. Ресей сепаратистерге әскери қолдау көрсететінін және Шығыс Украинаға тұрақты әскер жөнелтетінін жоққа шығарған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

26 қаңтар 2015, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.