Атырау, 29 наурыз 20:48
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Сарапшылар: Еуразиялық одақ аясында алынып тасталған кедендік шекараны қайта қалпына келтіру қажет». «Әлемде жүріп жатқан ақша соғысы Қазақстанға қалай әсер етуде?». «Тұрғын үй бағасы арзандай ма, қымбаттай ма?». «Айтып келген аштық».

2 842 просмотра

ALASHAINASY.KZ        «Сарапшылар: Еуразиялық одақ аясында алынып тасталған кедендік шекараны қайта қалпына келтіру қажет» - Еуразиялық одақ аясында алынып тасталған кедендік шекараны қайта қалпына келтіру қажет. Ресей тарапы қалыптасқан экономикалық қиындықтарға рай Қазақстанға өз зиянын келтірмеу жолдарын сезініп, кедендік бақылауды күшейтуге келісімін бергені абзал.

«Бір жыл бойы сөз болған заң жобасы қашан қабылданады?» - Қазақстан Үкіметі бір жыл жыр қылып жүріп, «Халықтың Көші-қоны туралы» Заң жобасын сүзгіден өткізіп, ҚР Парламенті Мәжілісіне жолдады.

«Виталий ТРЕТЬЯКОВ: Америкалық ақылды, орыс ақымақ па?» - Ол - Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Жоғарғы телевизия мектебі факультетінің деканы. Ресейдегі журналистік ортада аса танымал тұлға.

«Әлемде жүріп жатқан ақша соғысы Қазақстанға қалай әсер етуде?» - «Әлемнің барлық елі өз экономикасының өсімі үшін ақша соғысына кірісіп кетті» деп мәлімдейді Goldman Sachs банкінің президенті Гэри Кон. Осыған байланысты, яғни валюталар текетіресінің Қазақстанға әсері туралы «Алаш айнасы» маманнан пікір алды.

«Тұрғын үй бағасы арзандай ма, қымбаттай ма?» - Өткен жылы көктемде осы жылдың аяғына қарай Тұрғын үй 50 пайызға дейін арзандауы мүмкін деген ақпарат тараған.

«Алдағы 60 жылда Алматы ағашсыз қалуы мүмкін» - Еліміздің экологиялық ахуалы күн санап нашарлап барады. Еліміздің эколог мамандары қанша рет дабыл қақса да, табиғатқа жанашырлық таныта алмай отырмыз.

ABAI.KZ     «Айтып келген аштық» - Адам bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева саяси аштық жариялады. Әрине, Қазақстан саяси өмірінде бұл алғашқы аштық жариялау емес. Бұған дейін де талай азаматтар әртүрлі себептермен осындай қадамға барған-ды.

NAMYS.KZ  «ХХ ғасырда: Қанша қазақ қырылды?» - Қазақ халқының отаршылық қамытына мойын салуы ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысынан бастау алады.

TURKYSTAN.KZ    «Алаш арыстары оқу мәселесін ұлт тағдырынан бөле қарамаған» - ХХ ғасырдың басында қазақтың саяси сахнасына шыққан Алаш қозғалысы өзінің саяси басшылары, қозғаушы күші мен алдына қойған мақсаты және қамтыған мәселелер аумағы жағынан бұрын-соңды қазақ даласында болған қозғалыстардың ең маңыздысы әрі жоғары деңгейде ұйымдасқаны-тұғын.

«Жаһанда жанталаса қарулану қайта басталды. Неге?» - Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қысқа күнде қырық құбылған жаһанның беті жаман. Халықаралық қатынастар шиеленіске түсіп келеді. Ядролық державалар бір-біріне қоқан-лоққы жасауға айналды. Мұндай оқиғалар соңғы жиырма жылдан аса жүргізілген жойқын қаруды таратпау жөніндегі келіссөздерді қағаз жүзінде ғана қалдырды», – деген болатын.

AIKYN.KZ  «Өзің өзгерсең, өмір өзгереді...» - Бәрі адамның өзінен. Өзгеден көретін де өзі. Өз мінін өмірге жаба салатындар да сондайдан шығады. Осы күні «Өлгім келеді, кеткім келеді, өлем, өлем..» деп қос өкпесін қабірге қарай ала жүгіретін жастар көбейді. Қазақстан суицид жағынан әлем елдерінің алдына шығып кетті.

«Сыннан сыр түйген шебер» - Көзі тірісінде де, бақи ғұмырға аттанған соң да тек жақсы әңгіменің кейіпкері болып қалатын тұлғалар бар. Бірақ олар өте аз.

26 қаңтар 2015, 08:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.