Атырау, 29 наурыз 14:18
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Сепаратистер: Украина әскерімен бітімге келмейміз

2 002 просмотра

Украинаның Донецк облысындағы ресейшіл сепаратистер жетекшісі Александр Захарченко "сепаратистер бүкіл облысты бақылауына алуға тырысатынын және Украина үкіметі күштерімен бітімге келмейтінін" мәлімдеді.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, өзін-өзі жариялаған Донецк халық республикасының жетекшісі Захарченко қаңтардың 23-інде Донецкіде студенттер алдында сөйлегенде: "Біз Донецк облысының тұтас шекарасына қарай кеңейе береміз. Сырттан қандай да бір қатер төнгендей болса, оны жоямыз. Біз өз тарапымыздан ешқандай бейбіт келіссөзге бармаймыз" деген.

Шығыс Украинадағы Донецк әуежайы мен оның маңында украин үкіметі әскері мен сепаратистер өткен аптадан бері ұрыс жүргізген. Қаңтардың 22-сінде Киев украин әскері бақылауда ұстап келген Донецк әуежайын қорғаудан бас тартқан. Украин әскері бірнеше айға созылған шайқаста үйіндіге айналған әуежай орнын тастап кетті.

Украина президенті Петр Порошенко кеше күштік құрылымдар басшыларымен кездесу өткізіп: "Егер жау бітім шартын орындағысы келмесе, бейбіт адамдардың, украин қалалары мен елді мекендерінің зардап шегуін тоқтатқысы келмесе, есеңгірете соққы береміз" деп мәлімдеді.

Ресми есеп бойынша, Шығыс Украинада қақтығыс басталған 2014 жылдың сәуір айынан бері 4800-ден астам адам мерт болды.

Дереккөз: Азаттық радиосы

23 қаңтар 2015, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.