Атырау, 25 сәуір 17:18
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қай жерде балық аулауға болмайды

3 980 просмотра

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қысқы кезеңде әуесқой балық аулау бойынша қолданыстағы заңнамалардың кейбір нормалары туралы ескертеді.

Үкіметтің 18.03.2005 күнгі №246 қаулысымен бекітілген Балық аулау ережесінің 24 және 25 тармақшаларына сәйкес, Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір қармақ сапқа 5 данадан артық емес ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен және шаяндар мен басқа да су жануарларын және омыртқасыздарды аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі. Арнайы құрылатын аспаптар мен су асты аңшылығына арналған қару халық демалатын аймақтан тысқары арнайы бөлінген жерлерде пайдаланылады.

Бір барғанда 5 келіге дейінгі көлемде әуесқой балық аулау еш рұқсатсыз тегін жүзеге асырылады.

Үкіметтің 07.03.2012 күнгі №303 қаулысына сәйкес мұз қатқан кезде келесі жерлерде балық аулауға тыйым салынады:

- Жайық өзенінің Золотой сағасындағы Кіші Пешной (балық өсімі мақсатындағы тартым), Кіші Дамба, Төменгі Дамбы, Жоғарғы Дамбы, Жоғарғы Золотая, Төменгі Золотая, Жоғарғы Зарослая, Төменгі Зарослая, Золотенок балық аулау тартымдары; Яицкий сағасы бойынша – Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий тартымы, Жайық өзені бойындағы Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, Төменгі Татар ғылыми-зерттеу тартымында;

- Қиғаш өзенінде Камышинка, Қарақамыс, Дамбы, Круглая, Қызыл оба, Қарағаш, Булгачный, Төменгі Богатинский, Бақыт, Золотенок, Тимофеевка, Ягодка, Песок, Ново-Лицевая тартымдары. Атырау облысы шегінде Жайық өзенінен сеисенбі, сәрсенбі күндері және тәуліктің қараңғы мезгілінде балық аулауға тыйым салынады.

Жеке тұлғалар осы аталып өткен нормаларды бұзған жағдайда ҚР заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Ел президенті өзінің 14.02.2012 күнгі «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты халыққа жолдауында заң бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын сақтауға назар аударды. Мемлекет пен қоғам өте ұсақ құқықбұзушылықтарға да жол бермеуі керек, өйткені бәрін жасауға болады деген сезім күрделі қылмыстарды тудыруға себепші болады.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы 

23 қаңтар 2015, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.