Атырау, 23 сәуір 18:46
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Атырауда балалардың белгісіз затпен жаппай улану оқиғасы тіркелді (+БАҚ үшін ресми ақпарат)

5 001 просмотра

Бүгін, 22 қаңтарда, ТЖД пультіне қала сыртындағы Жұмыскер ауылының Тайманов атындағы орта мектебінде ауадағы белгісіз затпен жаппай улану оқиғасы тіркелді.

Атырау облыстық ТЖД деректері бойынша 18 бала зардап шеккен, барлығы да облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бізге аурухана қабылдау бөлмесінде жиналған ата-аналардан белгілі болғандай, спортзалда мектепішілік шара болып жатқан. Шараға қатысушылар күрт тұншыға бастағандарын сезгенде, барлығы сыртқа жүгіре жөнелген.

Олардың айтуынша, ер балалардың бірі, Алмаз СЕРІКҚАЛИЕВ, қыздардың шығуына көмектесіп, залдан соңғылардың бірі болып шыққан. Міне сол бала басқаларынан көп зардап шегіпті.

Улану себебі әлі белгісіз. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері сол жерде тұншықтыратын иіс сезілгенін айтады. Ғимаратты газоанолозатормен тексеріп шыққан «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалының дефектоскопшысы бұл метан емес деп сенімді түрде айтып, осы туралы сәйкесінше акт жасады. Мектеп аумағы қазіргі уақытта полициямен қоршалған, ғимаратта ТЖД мамандары жұмыс жасап жатыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

*   *  *

БАҚ үшін ресми ақпарат

2015 жылғы 22 қаңтарда шамамен сағат күндізгі бірлерде Атырау қаласының сыртындағы Жұмыскер ауылында орналасқан И. Тайманов атындағы орта мектептің 21 оқушысы мен бір қызметкері белгісіз затпен аэрозолды улану белгілерімен ауруханаға түсті.

Ауруханаға түскендерге өз уақытында медициналық көмек көрсетілді, науқастардың жағдайлары қалыпқа келіп, үйлеріне жіберіле бастады.

Құзіретті органдар болған оқиғаның себептерін анықтау мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізіп жатыр. Атырау облысы әкімі Б.С. Ізмұхамбетов оқиға орнына, сондай-ақ облыстық балалар ауруханасына барып, болған оқиғаны мұқият тексеруге тапсырма берді.

Атырау облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі

2015 жыл 22 қыркүйек

22 қаңтар 2015, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.