Атырау, 25 сәуір 14:34
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Пайғамбар Мұхаммедтің карикатурасы дінді қорлау, алайда зорлық амалдармен жауап беруді қолдамаймыз– ҚМДБ

1 528 просмотра

Пайғамбар Мұхаммедтің карикатурасы барлық мұмсылмандар үшін дінді қорлау, алайда  бұған зорлық амалдармен жауап беруді қолдамаймыз, делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәлімдемесінде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Төралқа мүшелері, Ғұламалар Кеңесі Франциядағы  Charlie Hebdo журнал редакциясында болған оқиғаға алаңдаушылық білдіреді және жергілікті жұртшылықты сабырлыққа шақырады.

"Күллі мұсылман үмбеті үшін аса ардақты, жұртшылықты бейбітшілік пен діни төзімділікке шақырған пайғамбар Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) карикатурасын салып, келемеждеу дінаралық келіспеушілікті ушықтырады...Өз кезегінде, діни сезімі қорланғандардың өз ренжітушілеріне шектен шығып зорлық амалдармен жауап беруін де қолдамаймыз",-делінген мәлімдемеде.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үш рет былай деп қайталаған: «Шектен тыс кінәмшілдік пен қаталдық танытушылар жазым болады» (Муслим).

ҚМДБ-дан атап көрсеткендей, әлемде көптеген әртүрлі мәдениеттер мен діндер қатар өмір сүруде. Дін өкілдері бір-біріне құрметпен және түсіністікпен қарым-қатынас жасауды үйренулері қажет.

"Бір дін өкілі басқа дін өкілінің діни құндылықтарын қорлауға жол бермеуі керек деп санаймыз.Шектен тыс кінәмшілдік, жанкештілік жақсылыққа апармайды, адамдар арасындағы өшпенділікке әкеп соғады.ҚМДБ әлем халқын лаңкестік әрекеттерді Ислам дінімен байланыстырмауға үндейді. Дүниежүзін дүрліктіріп отырған лаңкестік әрекеттерден діни астар іздеу дұрыс емес. Лаңкестің діні, ұлты, тілі, тегі болмайды",-деп атап көрсетілген мәлімдемеде.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

22 қаңтар 2015, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.