Атырау, 20 сәуір 14:30
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Рим империясының кебін кимейік

4 395 просмотра

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Марат АХМЕТЖАНОВМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Марат АХМЕТЖАНОВ21 қаңтарда «Атырау» мәдениет орталығында 2015-2025 жылдар аралығындағы ҚР-ғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын түсіндіру жөнінде кеңейтілген кеңес өтті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Марат АХМЕТЖАНОВ баяндама жасады.

М.Ахметжанов өз баяндамасын «Ұлы Рим империясы сыбайлас жемқорлықтың салдарынан құлады» деген сөзден бастады.

ҚР-ғы сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы 2014 жылдың 26 желтоқсанында қабылданды. Ахметжановтың айтуынша, реформа мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық саласын, билік пен жеке сектордың барлық деңгейін қамтуға үндейді. Негізгі мақсаты – осы бағыттағы мемлекет саясатының тиімділігін арттыру және қоғамның сыбайлас жемқорлық құбылыстарына төзбеушілігін қалыптастыру.

Стратегияны жүзеге асыру мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүктелген.

Агенттік өз жұмысында тікелей ҚР президентіне бағынышты және тек соның алдында ғана есеп береді.

- Қазір Қазақстанда сыбайлас жемқорлық тіршіліктің барлық саласында кездесетінін жасыруға болмайды. Қоғамда әділ және адал бәсекелестік жағдайын жасау керек. Бір студент емтиханда жақсы баға алу үшін пара береді, ал екіншісі түндер бойына көз ілместен конспектілерін оқиды. Осындай әділетсіздікті көрген соң ол, сонша қиналғаным не деп ойлайды ғой.

Адамдар пара бергеніне мақтанбас үшін, керісінше пара беру – ұят екенін түсіну үшін қоғам санасының деңгейін көтеру керек.

Біз мемлекеттік қызметке бақылау жасауды күшейтіп, баға бермекпіз. Мемлекеттік кадрлық саясатқа– үміткерлерді іріктеу, конкурс барысын, қызмет баспалдағымен көтерілу және т.б. үздіксіз мониторинг жүргіземіз. Сондай-ақ, Агенттікке «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдардың және Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің  талаптарын орындау және орындалуын қамтамасыз ету жүктелген.   

- Цифрлар туралы ойлап көріңіздер. Облыста 1 430ірі габаритті көліктер тіркелген, оның тек 170-інде ғана жалпы қолданыстағы жолдармен жүруге көлік департаментінің рұқсаты бар. Ал басқалары неге рұқсат алмайды, әлде олардың қожайындары рұқсатсыз жүру үшін басқа жолдар тапқан ба?

Қазір Агенттік департаменті ауыл шаруашылығы, білім беру, мәдениет және спорт министрліктерінің жергілікті органдарының жұмыстарына бағалау жұмыстарын жүргізуде.

- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді әдісі - қоғамдық бақылау. Қазір сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін құру үшін «Қоғамдық бақылау туралы», «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» және «Жергілікті өзін өзі басқару өкілдігін кеңейту туралы» үш заң қабылдануда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу соттар мен құқыққорғау органдарында жүргізілетін болады. Құқыққорғау органдарының жұмыстарын бағалаудың басты критерийлері – халықтың сенімі екенін ұмытпау керек. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Қылмыстық және Қылмыстық Іс жүргізу кодекстері, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс қолданысқа енгізілді. Жаңа қылмыстық кодекске сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғаларға ескіру мерзімі қолданылмайды, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасап әшкереленген мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік органдарда өмір бойы жұмыс жасау құқығынан айырылады.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін шартты жаза жойылған. Сонымен қатар айыппұл санкцияларының мөлшері әлденеше есе көбейген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

22 қаңтар 2015, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.