Атырау, 25 сәуір 22:26
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Инспекторлардың олжасы

1 618 просмотра

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өткен жылды қорытындылады.

Инспекцияның басшысы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, 2014 жылы жүргізілген рейдтер нәтижесінде браконьерлерден 217 қайық, 2 093 ау құралы тәркіленді. Заңсыз айналымнан 17,9 тонна балық, соның ішінде550,4 келі бекіре тұқымдас алынды. Тергеу органдарына 172 материал жіберіліп, олар бойынша 17 қылмыстық іс көтерілді. Әкімшілік сот 452 балық қорғау заңнамасын бұзған тұлғаны жауапқа тартты.

- Алайда әлі күнге дейін барлық инспекторлар өз міндеттемелерін тиісінше орындап жатыр деп айта алмаймыз. Өткен жылы инспекцияның 55 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды, - деп атап өтті М.Ермекқалиев.   

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.