Атырау, 28 наурыз 18:43
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Полицейлер қыстақта

1 893 просмотра

19-21 қаңтар аралығында облыстық ІІД қызметкрелері Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы әріптестерімен бірлесіп, мал ұрлығының алдын алу операциясын өткізді.

Учаскелік инспекторлар ветеринарлармен бірге шопандардың қыстағын аралап шығып, сырға, электронды чиптер және таңбалау көмегімен малды сәйкестендірудің артықшылықтарын түсіндірді. 

Операция барысында өткен жылдың 21 желтоқсанында Майкөмген ауылынан сиыр ұрлаған Жылыой ауданы Қосшағыл ауылының 54 жастағы жергілікті тұрғыны ұсталды.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ хабарлауынша, 2014 жыл ішінде облыста мал ұрлығының 142 фактісі тіркелген, оның 50-і бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

22 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.