Атырау, 29 наурыз 12:59
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Отыр да күт

1 821 просмотра

– Таяуда Сәтпаев даңғылында мені жол-патрульдік қызметінің қызметкері тоқтатты. Менен басқа тағы 6 көлік тоқтатылды. Жол қозғалысы ережесіндегі жаңа толықтыруларға сәйкес, егер инспектор өтінбесе, жүргізушінің көліктен шығуға құқығы жоқ. Сондықтан маған кезек келгенше ұзақ күтуіме тура келді. Мұндай жағдайда жүргізуші инспекторға асығып тұрғанын қалай түсіндіре алады?

azh.kz сайтынан

Сұраққа Атырау облыстық ІІД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Досай ЖҰПҚАЛИЕВ жауап берді:

– Егер инспектор көлікті тоқтатқан болса, онда ол бағдар алып, сол автокөлік құралын тексеруге тиіс болған болуы керек. Бұл белгілі бір уақыт алады. Тексеруге қанша уақыт кетуі тиіс екендігі жол қозғалысы ережесінде жазылмаған. Бәрі нақты жағдайға байланысты. Ал, жүргізуші инспектордың тиісті рұқсатынсыз шықса, шынымен де, 5 АЕК айыппұл төлейді. Сондықтан жүргізушіге шыдамдылық пен түсіністік танытқан жөн.

15 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.