Атырау, 28 наурыз 16:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Индерборда монша жанды

3 441 просмотра

12 шілде күні түскі мезгілде Индербор поселкесіндегі орталық монша отқа оранды.

Өрттің салдарынан моншаның әйелдер шомылатын жағының біраз бөлігі жарамсызданған. Индер ауданы прокурорының міндетін атқарушы Мақсат ШАРИПОВТЫҢ мәлімдеуінше, кеткен шығын есептелуде. Өрт сөндірушілердің алдын-ала болжамына сүйенсек, жалынның шығуына қызметкерлердің жауапсыздығы себепкер болуы әбден мүмкін (олар түстікке кеткенде қыздыру пешін ажыратпаған). Естеріңізге сала кетейік, кезінде иесіздік қамытын киген бұл қырық орындық моншаны жеке кәсіпкер бірнеше жылға жалға болатын. Бірақ аудандық әкімдік келісім шартты бұзып, «Индер Келбет» ЖШС-не соттасу арқылы алып берген еді. Серіктестік бюджеттен бөлінген 3 млн нан астам теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген моншаның ашылғанына оншақты күн ғана болған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА  

18 тамыз 2011, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.