Атырау, 29 наурыз 02:13
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Үлкендер де үйренді

2 864 просмотра

23 желтоқсанда «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар үйінің шәкірті Рүстем ЖАББАРОВ (суретте) «Айрекс» білім беру бағдарламасының «Ақпараттық технологиялар ғасырындағы қоғам» жобасында нені үйренгені туралы айтып, өз қолымен түсірген бейнебаянын көрсетті.

Бейнебаян машиналар туралы еді. Бұл түсінікті де, Руслан 4-сыныпта оқиды және көпшілік ерлер сияқты техникаға қызығушылығы жоғары. Мектепте, баланың айтуынша, әзірге клип жасау сияқты нәрселерді үйретпейді, алайда Руслан бұған қатты қызығады, алға қарай бағдарламашы болғысы келеді екен.

Естеріңізге салсақ, 2010 жылдан бастап «Айрекс» командасы Атырау мен Жылыой ауданында компьютерлік сауаттылық бойынша тренингтер өткізеді. Жобаға 3500 мұғалім және 1500 оқушы қатысты. Жобаның мақсаттарының бірі – мектептегі компьютер сыныптарының жағдайын жақсарту. Техникалық үйлестіруші компьютерлерді оңдауға, модем қондырып, локальды желі тартып, интернет қондыруға көмектесуге дайын. Егер компьютерлер жөндеуге келмесе, сабақтарды Айрекстің сыныптарында өткізуге болады, онда жаңа жабдықтар мен жылдамдығы жоғары интернет бар.

2013 жылдан бастап педагогтар мен оқушыларға медицина қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері, жұмыссыздар, Жылыой ауданы балабақшаларының қызметкерлері, сондай-ақ, «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар үйінің шәкірттері мен қызметкерлері қосылды. Сабақтар тегін өтеді. Медицина қызметкерлеріне компьютерлік сауаттылық ауруханаға жатқызу порталына кіруге, науқастарды деректер қорына енгізуге, ауруханаға жатқызуға кезекке қою және т.б. үшін керек. Алайда, компьютер білмейтін жасы үлкен қызметкерлердің көпшілігі деректерді алдымен қолмен жазып, содан кейін компьютерге салу үшін «дамып кеткен» әріптестеріне жүгінеді. Медицина қызметкерлері тобына мамандығына қарамастан, кардиологтар да, дерматологтар да, онколог, хирургтар да, медбикелер де жиналды. Көпшілігі тінтуірді (мышка) бірінші рет ұстап тұр екен, бұл олардың өздері үшін жаңа құралды баптап ұстауларынан көрініп-ақ тұр.

- Қызметкерлерді компьютерлік сауаттылыққа оқыту біз үшін өте маңызды қажеттілік болды, - дейді балалар мен ересектерді оңалтумен айналысатын «Болашақ» ҮЕҰ жетекшісі Жібек БИСЕНОВА. – Тренер бізге өте жеңіл түсіндірді, сондықтан да оны барлығы да жақсы қабылдады. Нәтижесінде күнделікті жұмысымызды жеңілдететін бағдарламаларды меңгердік. Мәселен, бұрын біз кестелерді «Word» бағдарламасында жасайтынбыз, ал қазір «Excel» қолданамыз. Онлайн-құжаттар жасап, қашықтан түзетуге мүмкіндік беретін басқа поштаға көштік. Тіпті, корпоративтік поштаны да жасадық.

Қымбат ҚҰЛЖАНОВА– музыка оқытушысы, бұрын компьютермен жұмыс жасап көрмеген. Ол жолдасымен бірге Атырауға Оралдан көшіп келгенде өзінің бұрынғы қызметімен байланысты емес жаңа жұмыс табамын деп шешеді. Курста алған білімі оған әртүрлі әлеуметтік желілерде аккаунт ашып, соның көмегімен жұмыс іздеуге көмектесті, сонымен қатар ол осы желілерден өзінің бұрынғы ескі достарын тауып, басқа қалада оқитын балаларымен сөйлесіп тұрады.

Жақсы жаңалық – «Теңізшевройл» әрі қарай да «Айрекс» қорын қолдауға шешім қабылдапты. Адамдардың өз оқуларын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндіктері бар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.