Атырау, 20 сәуір 19:20
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 9%-ға артты

3 072 просмотра

2015 жылдың басынан бастап қазақстандықтардың зейнетақысы 9%-ға көбейді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мамандары.

«2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтардың зейнетақысы 9%-ға көбейді. Бұл мақсатқа республикалық бюджетте 1 168,7 млрд теңге қарастырылған», - делінген хабарламада.

Ведомство қызметкерлерінің мәлімдеуінше, заңнамаға сәйкес зейнетақы төлемдерінің мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ға артып, қайта есептеледі. 2015 жылы инфляция деңгейі 6-8% шамасында, ал орта мерзімді кезеңде 5-7% дейін төмендеуі болжанып отыр. Тиісінше, зейнетақы 9% артады (7% – инфляцияның орта деңгейі және 2% – озуы).

Сонымен, базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып, зейнетақының орташа мөлшері 50 549 теңгені құрайды (зейнетақы төлемінің мөлшері – 39 367 теңге, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 11 182 теңге). Зейнетақының ең төменгі мөлшері, базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып, 34 874 теңгені құрайды.

ДСӘДМ мәліметіне сүйенсек, 2014 жылы республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне (соның ішінде базалық зейнетақы төлемдеріне) 1 053,5 млрд теңге бөлінген.

Қазақстан Республикасында 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша жасына қарай зейнетақы алушылардың жалпы саны 1 909 597 адамды құраған.

Дереккөз: bnews.kz

6 қаңтар 2015, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.