Атырау, 24 сәуір 03:45
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Электр қуаты тарифы жеке тұлғалар үшін өзгермейтін болды

4 293 просмотра

2015 жылғы 1 қаңтарынан бастап Атырау облысында электр қуаты тарифы тек заңды тұлғалар үшін ғана көтеріледі (көп емес). Жеке тұлғалар мен ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін бұрынғысынша қалады.

Бұл туралы«АЖ»-ға ҚР табиғи монополоияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментінің басшысы Асылбек АЛАМАН хабарлады.

Департаментке «Атырау Энергосату» ЖШС 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап электр қуатының орташа жіберу тарифін 1 квт/сағатқа 13,79 теңгеден 14,20 теңгеге (ҚҚС-сыз), яғни, 3%-ға көтеру туралы өтінім берген еді. Алайда департамент талдау жүргізе отырып, орташа жіберу тарифін 1 квт-сағатқа 13,79-дан 13,85 теңгеге көтеруге (0,4%-ға) рұқсат берді және бұл көтеру тек заңды тұлғаларға қатысты болады. Осы санаттағылар үшін шынайы тариф 1 квт/сағатқа 17,93 тен 17,96 теңгеге көтерілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қаңтар 2015, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.