Атырау, 16 сәуір 23:39
 ашықВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Қыс 1-ші қыркүйектен басталады

2 406 просмотра

Бейсенбі күні қала әкімі Мереке ЕСМҰРАТОВТЫҢ төрағалық етуімен қысқа дайындық жөніндегі штабтың отырысы болды.

Қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ айтуынша,  күрделі жөндеуден өтіп жатқан №17 және 19 балабақшалардан басқа барлық 55 мектеп және 30 балабақша жылу маусымына дайын.  Жылу электр орталығынан жылу алатын 26 емдеу-профилактикалық  мекеменің 23-і қысқа дайын. Және тағы да автономды жылытылатын 10 аурухана  100% дайын болып тұр. Қалада 895 көппәтерлік үй бар. Олардың 772-сі ЖЭО-нан жылу алса, 60-сы Балықшыдағы жылу қазандығынан, 13-і «АтырауСуАрнасы» КМК жылу қазанынан алады. 50-і автономды түрде жылытылады. ЖЭО-на қосылған 668 үй қысқа дайын. Шағын жылу қазандарымен және Суарнасының жылу қазандарымен жылытылатын үйлер де сақадай сай. Балықшыдағы 50 үй де дайын болып тұр.

Қала әкімі келесі жылыту маусымында (2012-2013 ж.) «АтырауСуАрнасы» КМК жылу қазанымен жылытылатын Бірінші учаскедегі 13 үйді ЖЭО-ның жүйесіне қосуға кеңес берді. Өйткені, бұл үйлерде жылу тұрақты беріліп тұрмайды.

Балықшы поселкелік округінің әкімі Жанболат СҰЛТАНҒАЛИЕВ аса қуанышты күйде емес, өйткені, Балықшыдағы жылу трассасының ысырмаларының 80% қанағаттанарлық күйде емес. Поселкелік жылу қазанына қызмет көрсететін «Таза құбыр» ЖШС директоры Сәбит ҚҰСПАНОВТЫҢ айтуынша, көктемдегі биліктің поселкені ЖЭО-ның жылу жүйесіне қосуы жөніндегі кеудемсоқ жобаның басталғандығы туралы хабарынан соң жөндеу қарқыны барысында халықтың төлем төлеу белсенділігі төмендеп кеткен. Әңгімеге  «Облтрансгаз» КМК директорының орынбасары  Александр БАЛАКИН араласып, Балықшы жылу қазанының «Облтрансгазге» 45 млн теңге қарыз болып қалғандығын мәлімдеді. Ал, олар өз кезегінде табиғи газ үшін «Теңізшевройлға» қарыз екен. Александр Николаевич өз көздегенін нақты атаған жоқ, сондықтан да қала әкімі қысқа дайындық барысында тек С.Құспановқа ғана көмектесуге уәде етті.

Геолог селолық округінің әкімі  Нұржан ЖҰМАХАНОВ екі балабақшада жылу қазандарының ақаулы екендігін айтты. Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ оны қолдады: «Қазандар жұмыс істеп тұрғанмен қыстан шықпай қалуы мүмкін.». Әкім Есмұратов өз қол астындағыларын сылбырлықтары үшін сынап алды да, қазандарға техникалық қызмет көрсетуші мердігерлермен арадағы келісім-шарттарда үнемдемеуге нұсқау берді.

Жалпы жағдайға барлай қарағанда, жұмыла кірісетіндей жұмыстар байқалмайды. Дегенмен, суыққа дайындықты қыс-тың өзі көрсететін болады. Ал, әкім барлығына 1-ші қыркүйекке дайын болуға бұйрық берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 тамыз 2011, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.