Атырау, 19 сәуір 23:39
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Әйел тек ішімдікті ұрлаған

2 291 просмотра

Полицейлер қала супермаркеттерінен қымбат спиртті ішімдіктерді ұрлаған әйелді қолға түсірді.

ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, күдіктінің тамыздың 2-сі мен 6-сы аралығында оншақты ұрлық жасағаны анықталды. Және ұрлықтың бәрі де «Атаба» супермаркеттер желі-сінде орын алған. Жас әйел Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласынан келген. Ол супермаркеттен екі-үш шөлмек спиртті ішімдіктен білдірмей шығарып отырған. Ал бір күні бірден сегіз шөлмекті шығарып тайып тұрған. Қазір оған қатысты «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті басқа жаққа кетіп қалмау туралы қолхатпен босатылды.

Лев ГУЗИКОВ

18 тамыз 2011, 00:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.