Атырау, 18 сәуір 07:18
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Мәртебе бойынша тиесілі

1 630 просмотра

– Мен басқа елдің азаматымын. ЖШС құрылтайшысы болып табыламын. Қазақстан Республикасында мекендеу құжатын (ықтиярхат) алғаннан кейін құрылтайшы ретінде менің мәртебем қандай болмақ? Осы ЖШС қазақстандық бола ма, әлде шетелдік қатысы бар ЖШС болып қала ма? ЖШС жарғысына өзгерістер енгізу керек бола ма? Егер құрылтайшысы мекендеу құжатын алған басқа елдің азаматы болып табылатын ЖШС-ні басқа ЖШС сатып алса, алынған ЖШС мәртебесі өзгере ме? Оның шетелдік қатысы бар мәртебесі бола ма, әлде ол қазақстандық болып қала ма?

Сұраққа Атырау облысы бойынша әділет департаментіндегілер жауап берді:

– 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» ҚР заңының 1-бабының 14-тармағына сәйкес, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат  Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғандығын растайтын құжат болып табылады. Атап айтқанда, ықтиярхат алған кезде шетелдік Қазақстан Республикасының азаматтығын алмайды, сондай-ақ, «шетелдік» мәртебесін де жоғалтпайды. Осыған байланысты шетелдіктің ықтиярхат алғанға дейін құрған жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ықтиярхат алғаннан кейін мәртебесін жоғалтпайды. Яғни, ЖШС шетелдік қатысы бар заңды тұлға болып қалады. Алайда, 1998 жылғы 22 сәуірдегі №220 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР заңының 12-бабының 4-тармағына сәйкес, шетелдік - ЖШС қатысушысы жеке басын анықтайтын құжат мәліметтерінің өзгергені туралы атқарушы органға жазбаша хабарлауға міндетті. Өз кезегінде ЖШС атқарушы органы жарғыға өзгерістер енгізу шараларын алуға міндетті. ЖШС бұл туралы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне қажетті өзгерістерді енгізу үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға хабардар етуге құқылы.  2003 жылғы 8 қаңтардағы №373 «Инвестициялар туралы» ҚР заңының 1-бабының 12-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысумен құрылған заңды тұлға. Осыған байланысты, басқа елдің азаматы құрған жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан Республикасының шетелдік қатысы бар заңды тұлғасы болып табылады. Мұндай жағдайда шетелдік қатысы бар ЖШС-ні сатып алатын заңды тұлға қалай болғанда да шетелдік қатысы жоқ заңды тұлға болып табылады.

25 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.