Атырау, 19 сәуір 03:23
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Жариялау» операциясы (жалғасы)

1 745 просмотра

Жариялау процесі туралы тұрақты түсіп тұратын сұрақтарға Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бастығы Батырбек ЮСУПОВ жауап берді.

– Ақшаны жариялау кезінде алым төлеу жүргізіле ме?

– Жариялағаны үшін жария ететін тұлғалардан екі жағдайда ғана алым алынатын болады:

а) екінші деңгейлі банктерде арнайы есепшоттан мерзімінен бұрын (бес жылға дейін) ақшалар түсіріп алған жағдайда, экономикаға инвестициясыз;

б) Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі мүлік (соның ішінде тиесілі емес тұлғаға ресімделген).

– Мүлікті жариялағаны үшін алым мөлшері қандай?

– Алым мөлшері Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі мүліктің сатып алынған немесе бағаланған құнының 10 пайызын құрайды.

– Мүлік қай уақыттан бастап жарияланды деп есептеледі?

– Мүлік (ақшадан басқа) комиссия, салық органы жариялау туралы шешім шығарған уақыттан бастап жарияланған мүлік деп есептеледі. Ақша жинақ есепшотына енгізілген (аударылған) күннен бастап жарияланды деп саналады.

– Егер мен ақшаны жария етсем, оған табыс салығы салына ма?

– Жоқ, өйткені, ақшаны қоса алғанда, жарияланған мүлік жария ету субъектісінің кірісі ретінде танылмайды.

– Ақшаны жариялайтын (және оларды алдыңғы жылдарда көрсетпеген) мемлекеттік қызметшілер үшін қандай әкімшілік жауапкершілік қарастырылған?

– Рақымшылық мүлікті жариялайтын жария ету субъектілеріне қолданылады, атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 9-тармағында қарастырылған декларациялар мен мәлiметтердi ұсынбағаны немесе толық, анық ұсынбағаны үшін  тәртіптік жауаптылықтан босату тұрғысында. Мұнда жариялау күшінің жемқорлықпен құқықбұзушылық пен қылмыстар жасау нәтижесінде алынған мүлікке қолданылмайтынын ескерген жөн.

25 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.