Атырау, 28 наурыз 17:47
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Назарбаев 22 желтоқсанда ресми сапармен Украинаға барады

2 246 просмотра

Фото: president.gov.uaФото: president.gov.uaАстана. 19 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚР президенті Н. Назарбаев ресми сапармен Украинаға барады, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметі.

Мысалы, Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, 22 желтоқсанға Қазақстан Президентінің Украинаға жұмыс сапары жоспарланған, оның барысында сол елдің басшылығымен келіссөздер жүргізіледі.

23 желтоқсанда Мәскеуде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді.

Сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтарда іске қосылатын ЕАЭО-ның қарсаңында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы болады.

25 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстанды жаңаша индустрияландыру: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың қорытындылары» атты жалпыұлттық телекөпір шарасына және «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр. 

Дереккөз: ҚазТАГ

19 желтоқсан 2014, 18:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.