Атырау, 25 сәуір 18:52
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ақтөске арналған крематорий

1 780 просмотра

Атырауда атылған бұралқы иттерді енді бұрынғыдай жерге көмбей өртейді.

Анықтағанымыздай, Арнайы автобаза бір жылдан бері ит атумен және аулаумен айналыспайды екен, қазір бұл жұмыс қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне жүктелген.

- Бүгінде қалада және тоғыз ауылдық округта алты бригада жұмыс жасайды, - дейді бөлімнің бас маманы Мәдихан РЫСЫМБЕТОВ. – Біз жылдық ату лимитін 10 мың бас деп белгіледік.

Желтоқсан айының аяғында қалалық қоқыс полигонында атылған иттер мен мысықтарды өртейтін арнайы қондырғы іске қосылады.

«Бұралқы иттер мен мысықтарды аулау» бағдарламасы бойынша көшеде иесіз жүрген жануарлар бұралқы болып есептеледі. Төртаяқтының мойнында қарғыбауының бар-жоғы маңызды емес: иесі жоқ болса, олар жүргіншілерге қауіп туғызады, яғни, оның көзін жою керек.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

19 желтоқсан 2014, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.