Атырау, 19 сәуір 06:23
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Терроризмды насихаттайтын бейнероликтегі қазақстандықтардың кім екендігі анықталды – бас прокуратура

2 903 просмотра

Иллюстрация TengrinewsTengrinews иллюстрациясыАстана. 19 желтоқсан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Құқық қорғау органдары терроризмды насихаттайтын бейнероликтегі қазақстандықтардың, оның ішінде балалардың кім екендігін анықтады, деп мәлім етті ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.

«Роликке қатысты айтатын болсақ, біз онда кімдер түсірлгенін, тіпті балалары кім екендігін де білеміз. Себебі құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер осы сияқты материалдарды мұқият тексеруде. Біз, әрине, осындай материалдар желіге шығып кетпеуі үшін, олар барлық жаққа таралып кетпеуі үшін шара қабылдаймыз...», - деді А. Кравченко жұма күні журналистерге «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттырудың тетіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда

Оның пікірінше, осындай насихаттық материалдар жаңа жақтаушыларды өз қатарларына тарту үшін түсіріледі.

«Қылмыстық ұйымдарға жаңа адамдарды тарту үшін. Мұнда қандай да асқақ мақсат бер деп өзіңізді алдаудың қажеті жоқ, олар қарапайым қылмыстық әрекетпен айналысып жүргендер», - деп есептейді А. Кравченко.

Оның айтуынша, балалар Шамға әр жолмен барған, бірақ негізінен олар онда ата-аналарымен барған.

«Мен сіздерге қазір нақты аттары мен тектерін атамаймын, бірақ біз ол балалардың кімдер екенін жақсы білеміз, және осы балалар осындай қылмыстық әрекеттерге тартылмас үшін белсенді жұмыстарды жалғастыра береміз», - деді А. Кравченко.

Бұрын хабарланғандай, 2014 жылы 22 қарашада интернет желісіне бейнеролик көрсетіле бастады («Состязайтесь в благих делах»), онда Шамда террорлық ұйым қатарында соғысып жатқан қазақстандық азаматтар көрсетілген.

Бас прокуратура аталған роликті көрсетпеу шараларын қабылдау, және оны заңсыз деп табу, сондай-ақ Қазақстан аумағында оны көрсетуге тыйым салу туралы нұсқау берілді.

Роликті көрсетуге «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР заңының 2 б. 3 т. негізінде, сондай-ақ «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңының 10 бабына сай тыйым салынған. 

Дереккөз: ҚазТАГ

19 желтоқсан 2014, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.