Атырау, 25 сәуір 16:35
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Украина қарулы қақтығысқа қазақстандықтардың қатысуы туралы ақпаратты растамай отыр – бас прокуратура

1 439 просмотра

Фото: ria.ruФото: ria.ruАстана. 19 желтоқсан. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Украина билігі елдің оңтүстік-шығысындағы қарулы қақтығысқа қазақстандықтардың қатысуы туралы ақпаратты растамай отыр, деп хабарлады ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.

«Біздің украин әріптестеріміз Украинадағы соғыс әрекеттерінің ауданында қазақстандықтардың қатысуын әзірге растамай отыр, және де сондай мазмұндағы ақпарат пайда бола қалса, біз жұмыс жүргізетін боламыз», - деді А. Кравченко жұма күні «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық тиімділігін арттыру тетіктері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында журналистерге.

«Бізде сондай мазмұндағы талпыныстар туралы мәліметтер бар. (...) Біз ондай талпыныстардың бұлтартпауға ұшырайтынын айтып ескерттік», - деп атап өтті ол.

Дереккөз: ҚазТАГ

19 желтоқсан 2014, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.