Атырау, 28 наурыз 15:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Зираттағы автобәйге

2 396 просмотра

13 желтоқсанда күндіз Атырауда «Жигулиге» мінген екі мас жігіт қаладағы христиандар зиратында бәйге ұйымдастырып, екі бейіттің ескерткіштерін бұзған (бейнежазбадан қараңыз).

Полиция көлік ішіндегі жігіттерді ұстады. Атырау облыстық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Базарғали ҚАДЫРҒАЛИЕВ «АЖ»-ға хабарлағандай, 18 желтоқсанда ВАЗ-2107 көлігінің иесі азамат М.Р.-ға қатысты материалдар қаралу үшін сотқа жолданған.

Істе М.Р.-ның түсініктемесі бар: «Мен ішімдік ішкендіктен, рөлді жолдасыма берген едім. Ол да мас күйде болатын».

М.Р.-ның әрекеті ӘҚтК 467-бабы(«Мас күйде көлік құралын басқару») бойынша бағаланды. Қадырғалиевтың айтуынша, М.Р.-ның досына қатысты іс сотқа әзірге түспеген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 желтоқсан 2014, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.