Атырау, 29 наурыз 07:17
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

АҚШ әскері «Ислам мемлекетімен» 3 жыл соғыспақ

1 437 просмотра

«Ислам мемлекетіне» қарсы операцияға тартылған америкалық күштер командованиесінің өкілі жеңіске жету үшін кем дегенде үш жыл қажет деп санайды. Бұл туралы ВВС хабарлайды. 

Генерал-лейтенант Джеймс Терри содырлардың орналасқан жеріне әуеден шабуыл жасаудың тиімділігі туралы әзірге ештеңе айтуға болмайтынын, себебі бұл операциялар тек төрт ай бұрын ғана басталғанын мәлім етті.

Терридің айтуынша, америкалық авиацияның қолдауына ие болған күрд қарулы құрамалары Иракта Сириямен шекаралас маңда біраз аумақты босатып үлгерген.

Сондай-ақ Пентагон өкілі өткен айда әуе соққыларынан ИМ-нің бірнеше ықпалды көшбасшысы қаза тапқанын мәлім етті.

Дереккөз: bnews.kz

 

19 желтоқсан 2014, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.