Атырау, 20 сәуір 04:03
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қыз таңдады, жігіт мақұлдады

3 698 просмотра

Көрнекі сурет.Көрнекі сурет.Әлеуметтік желілерде Атырау қаласындағы пиццериялардың біріндегі бақылау камерасынан түсірілген бейнежазба тарап кетті. Онда ішікті ұрлап жатқан қыздың бейнесі түсіп қалған.

Роликтің бірінші бөлігінде жас жігіт пен ішік киген қыздың пиццерияның ішіне кіріп бара жатқаны бейнеленген. Екінші бөлігінде осы қыз нөмірін көрсетпестен, киім ілетін әйелден үлкен өлшемдегі әрі «алдыңғысынан» қымбат тұратын басқа ішікті алады. Ұры күйгелек болып көрінбейді, ішікті айна алдында киіп көріп, жақындап келген жас жігітке көрсетеді. Ол олжаны басын изеп мақұлдап, содан кейін екеуі жайбарақат шығып кетеді.

Ұрланған ішіктің иесі әлеуметтік желілерде хабарлағандай, ұрлық 14 желтоқсанда кешкі сағат 10-да орын алған. Пиццериядағылар  комментарий беруден бас тартты.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 175-бабының 1-тармағы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды, жедел-іздеу шаралары алынуда.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

19 желтоқсан 2014, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.