Атырау, 25 сәуір 04:53
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«”Көпвекторлы саясат” аяқталды ма?». «Путин “Ресейдің ешкімге шабуылдамасын” айтты».«Рубль күйреудің алдында тұр, ал Қазақстанды не күтуде?». «Атамбаевтың үш жылы». «Қазақстанға Тәуелсіздік алып берген желтоқсаншылар ма?».

2 333 просмотра

AZATTYQ. ORG       «”Көпвекторлы саясат” аяқталды ма?» - Ресей бастаған ЕАЭО келісімі жарты айдан соң күшіне енеді. Кейбір сарапшылар Қазақстан тәуелсіздік алғанда жариялаған көпвекторлы сыртқы саясатынан айныды деп санайды.

«Путин “Ресейдің ешкімге шабуылдамасын” айтты» - Ресей президенті бүгінгі баспасөз жиынында да «Украинаның шығысында Ресей әскері соғысып жүрмегенін» мәлімдеді. Ол Қазақстанды да сөз етті.

ALASHAINASY.KZ   «Рубль күйреудің алдында тұр, ал Қазақстанды не күтуде?» -Ресейдің Орталық банкіне рубльдің құнын өз деңгейде ұстап тұру қазір аса қиындық туғызуда. Тек осы дүйсенбі күні ғана Орталық банк рубльді ұстап тұру үшін 700 млн доллар жоғалтты.

«Ресейде автокөліктің бағасы төмен, бірақ жолы қауіпті...» - Рубль құнсыздана түскелі Ресейде тұтынатын тауар бағасы уақыт өткен сайын төмендеп бара жатқаны рас. Осыған байланысты Ресеймен шекаралас облыстың тұрғындары қазір тек сол жақтан сауда жасап жатқан жайы бар.

«Бард ақын Табылдының баласы Абыл АЯШ: "Әке жолын жалғау үшін дайындықты бастадым..."» - Өткенде әнші-сазгер Елена Әбдіхалықованың кешінде Табылды Досымовтың ұлын көрдік. Кеш иесімен бірге «Тәтті мұң» атты ән орындады. Әкесінің әні.

TURKYSTAN.KZ    «Атамбаевтың үш жылы» - Осы айда Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаевтың қызметіне кіріскеніне тура 3 жыл толды.

ABAI.KZ    «Біздікі» және “өзгенікі” . Бұл ұстаным қайда соқтырады?» - Адамзат тарихының кез-келген кезеңіндегі қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік жіктелудің (стратификация) негізінде жатқан «біздікі» және «өзгенікі» дейтін  әмбебап психологиялық айқындауыштар болып табылады. Адам баласы тумысынан жікшіл.

SERKE.ORG.  «Қазақстанға Тәуелсіздік алып берген желтоқсаншылар ма?» - Жыл сайын Қазақстанның Тәуелсіздігі күні 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арнап құран бағыштау әдетке айналды.

QASYM.KZ   «Көкек ана – кесір жан» - Өмір сүргеннен кейін қоғамнан алыс кете алмайсың. Кейінгі кезде қоғамда көкек аналар қарасы көбейіп бара жатқанын еріксіз байқап жүрміз.

JAQSY.KZ  «Шепсіз майдан. Ақпараттық қорғаныстың бүгінгі күйі қандай?» - Ақпараттың шынайылығының анықталуы, тараптардың пікірінің ескерілуі тәрізді классикалық қағидалардан  бұрын, «ақпаратты кім бірінші береді» тұжырымы алдыңғы кезекке шығып кетті.

19 желтоқсан 2014, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.