Атырау, 24 сәуір 10:22
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Депутаттарыңызды «Нұр Отанның» қабылдауынан іздеңіздер

4 287 просмотра

Облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының редакцияға жолдаған ашық хатынан соң (“Жайық самалы”, №30, 28.07.11) бізде бірсыпыра күтпеген жағдайлар туындады. Оқырмандар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алу үшін өз сайлаушыларын қалай табуға болатынын білгісі келіп,  бізге қоңырау шала бастады.

Облыстық мәслихат хатшысы, депутат Жалғас ДҮЙСЕНҒАЛИЕВбос уақыты жоқтығын айтып, кездесуден бас тартты. Сондықтан оған төмендегі сауалдарды жазбаша түрде жолдадық:

1. Облыстық мәслихатта қанша депутат бар?

2. Қандай жұмыс топтары бар және оларды кім басқарады?

3. Сайлаушылар өз округінен сайланған депутатпен қай жерде  кездесе алады?

Ж. Дүйсенғалиевтің қол қойған жауабына сүйенсек, Атырау облыстық мәслихатында 27 округтен сайланған 27 депутат бар. (телефондарымен берілген тізімді төменнен қараңыз) Мәслихатта төрт комиссия тұрақты қызмет атқарады: 1.Тексеру комиссиясы (төрағасы депутат Б.АЙДАШЕВ), 2.Бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссия (төрағасы депутат М.ШЫРДАБАЕВ),

3.Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және жастар ісі бойынша тұрақты комиссия (төрайымы, депутат Ә.БЕКҚОЖИЕВА), 4.Заңдылық, құқық тәртібінің және депутаттық этиканың сақталуы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия (төрағасы, депутат М.АРТЫҒАЛИЕВ).

Жалпы Атырау  облыстық мәслихаты депутаттарының  атқаратын міндеттері «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы заңының 6 - бабына сәйкес белгіленген» деп түсінік береді Ж.Дүйсенғалиев. Біз заңнан мынадай тармақ таптық: депутаттардың міндетіне «азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету өкілеттігі» кіреді. Ж. Дүйсенғалиевтің жауабында айтылғандай, сайлаушылар мәслихат депутаттарымен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы жанынан өткізіліп отырған қоғамдық бақылау арқылы  кездесуіне болады.  Өкінішке орай, ол қай депутат қай  күндері  қабылдайтынын көрсетпепті.

- Оның бәрін «Нұр Отаннан» біле аласыз. Әр депутаттың сейсенбі сайын жүргізетін өз жұмыс графигі бар. Біз оны білмейміз, бұл «Нұр Отанның» ұйымдастырып отырған шарасы,-дейді хатымызға жауап берген  облыстық мәслихат маманы Ержан ТҮРКІСТАНОВ.

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ АҚПАРАТ БЕРМЕЙДІ

Қалалық мәслихатқа қойған сауалдарымызға хатшы Бекболат ҚАЗИМАНОВ қол қойған өте қысқа жауап алдық. «Хатыңызда көрсетілген сұрақтарыңызға жауап жолдау өкілді органның құзіретіне жатпайды». Біз қалалық мәслихат хатшысы атынан тапсырманы орындаған  маман Мереке ЖАМБЫЛОВҚА қоңырау шалған едік.

- Біз атқарушы емес, өкілді орган болғандықтан да ешқандай ақпарат тарата алмаймыз, - деп мәлімдеді М. Жамбылов. - 19 депутаттың 18-і «Нұр Отан» партиясының мүшесі екенін ғана айта аламын. Олар әр аптаның бейсенбі күндері қоғамдық қабылдау жүргізеді.

Сонымен, құрметті оқырмандар, екі маслихаттан түскен жауаптар осындай болды. Алға қарай депутаттарыңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуларыңызға тілектеспін.

Сәния ТОЙКЕН

ІV шақырылған Атырау облыстық мәслихаты депутаттары тізімі

округ №

 

Депутаттың А.Ә.А.Т

Телефондар

округ

 

Депутаттың А.Ә.А.Т

Телефондар

1

Кощанов Бауыржан Толпакович

тел. 28 18 00

факс 28 10 37

 

15

Байшаханов

Ақылбек Қалдыбаевич

8 71 237 7 11 69,

факс 35 52 22

2

Пак

Владимир Иванович

тел. 30 00 83

16

Барақатов

Амангелді Кеңесұлы

тел.252837

3

Артығалиев

Муса Дәуітович

тел. 21 45 50, 62 /10

пр. 21 42 30

17

Ибрашев

Асау Ниязович

тел. 27 92 11

факс. 27 92 02

4

Ғабдуллин

Айбек Серикович

тел.факс 280995

тел. 284271

 

18

Қаршегенов

Оразгали Төлеуғалиұлы

тел. 35-45-06

 

 

5

Қуанышов Сайын Сәлімгереевич

тел. 27 08 70 /21 33/

 

19

Нұрғалиев

Бауыржан Иғылашұлы

тел. 8 71 233 5 50 27

6

Бекқожиева

Әлия Байжановна

тел. факс 21 15 35

 

 

20

Дүйсемалиев

Ерсайын Жексенұлы

тел.факс 27-07-07

7

Дүйсенғалиев Жалғас Мәтешович

тел. 35 45 62

факс 35 44 46

21

Айдашев

Бағыт Айдашевич

тел. 35 45 65

факс. 35 44 46

8

Мухатанов

Талғат Базарбаевич

тел. 27 82 29

 

22

Құлтекенов

Қайыржан Климентович

тел. 32 19 93, 45 70 60

 

9

Қалиев

Мұхамбетқали Қалиұлы

тел. 45 72 00

факс 45 72 22

23

Есенжанов

Асылан Тұрсынғалиевич

тел. 8 71 238 2 17 87

 

10

Қазмағамбетов

Алтай Ғабдрахманұлы

27 63 05

 

24

Қонысқалиев

Ардақ Аманиязович

тел.факс

8 /71 22/ 58 66 81

11

Думлер

Александр Филлипович

тел. 28 10 37

25

Жанбала Өнербай

тел. 45 46 38, 45 44 98

12

Лұқпанов

Сағындық Есенғалиұлы

тел. 45 84 90, 45 83 97

факс 45 87 26

26

Шырдабаев

Мағауия Тәжіғараұлы

тел. 35 49 88, 58 62 95

факс 32 93 17

13

Рысқали

Аманжан Сәулебайұлы

тел. 28 60 63, 28 60 10

факс 28 60 79

27

Иманғалиев

Асхат Сәлімұлы

тел. 27 00 43

14

Беркімбаев

Бөріхан Сматоллаұлы

тел. 95 33 00,

факс 32 41 13,

 

 

 

 

18 тамыз 2011, 23:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.