Атырау, 23 сәуір 23:50
 ашықВ Атырау +22
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

В.Путин: Аю тып-тыныш балын жеп отырса да, оны шынжырлауға тырысатындар табылады

1 737 просмотра

Бүгін өз елінің журналистерімен үлкен баспасөз мәслихатын өткізіп жатқан Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Ресейді аюға теңеп, басқа елдермен байланысын осындай мысалмен түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

 «Ресей 2014 жылғы Олимпиадаға қалай дайындалғанын еске алып көрейік. Сөзсіз, Олимпиаданың дайындығына, жалпы, Олимпиаданың сәтті өтуіне күдік тудыруға бағытталған және өзара үйлесім тапқан қарсы әрекеттер болды. Бұл айдан анық. Бұл кімге және не үшін керек? Міне, үнемі осылай жалғаса берді. Мен көпшілікке таныс мысал келтірейін – өз балын күзетіп отырған аю бар. Осындай жағдайлар жалғаса бергендіктен, кейде өзім де ойлаймын: бәлкім біздің аюға тып-тыныш отыру керек шығар? Өзінің балын жеп, жидегін жеп, тып-тыныш отырса, оны жайына қалдыратын шығар? Жоқ, аюды жайына қалдырмайды, оны шынжырлауға тырысады. Шынжырлап алған соң тісін жұлып, тырнағын сындырады. Бүгінгі түсінікпен айтатын болсақ – ол ядролық тежеу. Осындай жағдай бола қалса, тайгаға талас басталады. Біз тіпті ресми тұлғалардан «Сібір бар байлығымен бірге Ресейде жатуы әділетсіздік» дегенді талай рет естігенбіз. Ал, сонда, батыстағы Мексикадан Техасты тартып алу әділетті екен де, өз жерімізге иелік етіп отырған біздікі әділетсіз екен? Аюдың тісін жұлып, тырнағын кескеннен кейін ол кімге керек?.. Аюды мазаққа айналдырады. Мәселе Қырымда емес, мәселе біздің егемендігімізді қорғап отырғандығымызда, күн көруге деген талпынысымызда. Осыны бәріміз түсіну керекпіз»,-деді Қырымға қатысты жауабын аяқтаған Путин. 

Дереккөз: bnews.kz

 

18 желтоқсан 2014, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.